- Басты
- Жаңалықтар
- Дю Солей немесе қазақ халқының тарихына арналған эксклюзивті шоу (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Дю Солей немесе қазақ халқының тарихына арналған эксклюзивті шоу (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Сонымен, бұл эксклюзивті шоу бағдарлама арнайы Қазақстан үшін жасалған. Ондай бағдарлама еш жерде болмаған және болмайды да. Оны тек Астанада, ЭКСПО көрмесі аясында ғана тамашалауға болады.


Тарқатып айтар болсақ, цирктің қойылымдары қазақ xалқының тариxы және салт-дәстүрімен ұштасады. Алтын адам, самұрық құс, қазақ халқының ұлттық көшпенді мәдениетінің әлементтері ЭКСПО көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбымен әдемі үйлесімдік тапқан.



Энергия көзі болып табылатын от, су, ауа, жел - табиғаттың таңғажайып құбылыстары да назардан тыс қалмаған. Сахнаның екі жағында орналасқан лед экрандар оларды барынша әсерлетіп көрсетеді. Ал, экрандағы көрініске сай әртістердің қойылымы тақырыпты тіптен айшықтайды.


Айта кетерлік жайт, қойылымдарға 37 адам қатысады, ал шоу бағдарламаны дайындауға 160-қа жуық маман атсалысқан. Және де бұл цирктің өзгелерден ерекшелігі қойылымдарға жануарлар тартылмаған. Барлық трюктарды цирк әртістері өздері орындайды.






Музыкалық сүйемелдеуге келетін болсақ, цирктің әншілері жанды дауыспен ән айтып, түрлі музыкалық шығармаларды орындады. Домбыраның қоңыр даусы заманауи музыкамен әдемі үйлесімдік тапқан.
Ал, әртістердің киімін бөлек әңгіме деуге болады. Цирк өнерпаздары үшін арнайы тіктірілген киімдер қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген. Сондай-ақ көшпенділердің әбзелдері - садақтар, сауыт-саймандар да бар. Рас, киімдер қазақ халқының ұлттық киімімен сайма сай келеді деуге болмайды, алайда қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен әсер ала отырып жасалғаны анық байқалады.
Жалпы, цирк тарапынан 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін 71 қойылым жоспарланып отыр. Цирк қонақтары бірегей шоуды арнайы жабдықталған төртбұрыш тәріздес павильонда тамашалайды. Оның сыйымдылығы 2000 көрерменге арналған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде штаб-пәтері Монреаль қаласында орналасқан дю Солей Циркі ұжымында әлемнің 50 елінен жиналған 4000 жуық адам еңбек етеді, оның 1300-і – әртіс. Әлемге әйгілі дю Солей циркі осы уақытқа дейін 400-ден астам шаһарда өнер көрсетіп үлгерген.
Мөлдір Бекбергенова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»