- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда бала күтіміне және қамқор болуға арналған мобильді қосымша әзірленуде
Қазақстанда бала күтіміне және қамқор болуға арналған мобильді қосымша әзірленуде
«Бірлескен жобалардың бірі ретінде Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ Ұлттық mail.kz электрондық сервисінің порталы негізінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Бірыңғай электрондық почталық сервисі жобасын іске қосу болып табылады, мұнда @med.mail.kz атты доменді медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған дербес почталық сервис әзірленген. Аталған сервис барлық медицина қызметкерлерінің бірыңғай ақпарат алмасу, медицина тақырыбындағы қозғалатын мәселелерді талқылау ортасы ретінде қолдануына арналған», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директорының міндетін атқарушы Олжас Әбішев.
Сонымен қатар, осыған ұқсас қосымшалар Ұлыбританияда, Австралияда, Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде пайдаланылады. 2017 жылдың соңына дейін патронаж мейіргері және жас ата-аналар кішкентай балаларға күтім көрсетуге арналған арнайы мобильді қосымшаларды пайдалана алады.
«Мобильді қосымшалар бүгінгі таңда Қазақстандағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы арасында қол қойылған келісім шеңберінде әзірленетін болады. «Патронаж мейіргері» мобильді қосымшасын пайдалану бала туралы деректерді толтыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жеңілдетеді. Мейіргер үй жағдайында балаға және ата-анаға көбірек көңіл бөле алады. Ақпаратты электрондық түрде енгізу көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттырады және деректерді жоғалту тәуекелін азайтады», - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директорының міндетін атқарушы.
Сондай-ақ, ол Дүниежүзілік банкпен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жобасы туралы жете тоқталып өтті.
«Платформаның негізгі компоненттерінің бірі Электрондық денсаулық төлқұжаты (әрі қарай - ЭДТ) болып табылады. Пациенттерге арналған ЭДТ денсаулығы жөніндегі ақпаратқа, дербестендірілген ұсынымдар мен ескертулерге қолжетімділік береді. Медицина қызметкерлері үшін пациенттің денсаулығы туралы өмір бойы жинақталатын ақпаратқа қолжетімділік береді, клиникалық шешімдерді қабылдауға, медициналық қателіктерді қысқартуға көмектеседі» – деді Олжас Әбішев .
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: әлемдік бәсекеге қабілеттілік» атты осы жолғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің алдында денсаулық сақтауды қажетті деңгейде ақпараттандыруды қамтамасыз етуді тапсырған.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады