- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның әр үшінші тұрғыны жүйелі түрде спортпен шұғылданады – А.Мұхамедиұлы
Қазақстанның әр үшінші тұрғыны жүйелі түрде спортпен шұғылданады – А.Мұхамедиұлы
Оның айтуынша, елімізде жыл бойы 43 мыңға жуық спорттық-бұқаралық шаралар өткізіледі.
2016 жылдан бастап қазақстандық спортшылар 718 халықаралық жарысқа қатысып, 239 алтын, 223 күміс, 298 қола медальдарын иеленді. Тек, жалғыз Универсиаданың өзі 11 алтын, 8 күміс, 17 қола алып келді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет Зульфия Габдуллина мен Раушан Қойшыбаева Риода өткен Паралимпиадалық ойындарда алтын мен күміске ие болды.
Қазақстандық спортшылар Рио де Жанейрода өткен Олимпиадалық ойындарда да жақсы өнер көрсетті. Алматыда өткен 28-ші қысқы Дүниежүзілік Универсиада да командалық есепте екінші орынды иеленді.
«Кореяда 2018 жылы өтетін 23-ші қысқы Олимпиада ойындарына дайындық қызу жүргізілуде, бүгінде биатлон бойынша 10 лицензия және мәнерлеп сырғанау бойынша 3 лицензияны спортшылар жеңіп алды. Жоспарда барлығы 60 лицензия иелену көзделген», - деді ведомство басшысы.
Бұдан басқа, елімізде 11 мыңнан астам спорттық құрылыстар, 450 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі, әр аймақта спорттық клубтар және ммүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық мектептер жұмыс істейді. Екі жыл ішінде аймақтарда 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды және 33 Street Workout көше құрылыстары орнатылды.
Сонымен қатар, дене шынықтыру мен спорт ұжымдарында 100 мыңнан астам спорттық секциялар бар, олар 4,2 млн астам адамды қамтиды.
Бүгінде ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысының тестін тапсыру жалпыұлттық міндетке айналды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша оны 5 млн жуық қазақстандық тапсырды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы