- Басты
- Жаңалықтар
- ККМ 2014 жылы 2,3 мың км жолды жөндеуден өткізуді жоспарлауда – А. Жұмағалиев
ККМ 2014 жылы 2,3 мың км жолды жөндеуден өткізуді жоспарлауда – А. Жұмағалиев
«Министрлік биыл 2200 республикалық маңыздағы жолдарды жөндеген. Соның ішінде Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізі бойында 5 облыс аумағы арқылы 1853 км жол бойында құрылыс жұмыстары атқарылды. «Біз биыл 806 км жолдағы қозғалысты аштық. Келесі жылғы жоспар бойынша шамамен 180 шақырым жол ашылады. Ал 2015 жылы біз дәлізді толық пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті министр.
«Орталық-оңтүстiк, орталық-шығыс маршруттарын дамыту аясында «Астана – Темiртау», «Астана – Павлодар», «Алматы –Қапшағай» жол учаскелерiнде құрылыс жұмыстарын бастадық. Келесi жылы аталған жол учаскелерiндегi жөндеу жұмыстары толық аяқталады.
Сонымен қатар, құрылысқа жаңа технологиялар енгiзу бойынша, «микросюрфейсинг» технологиясын және көпiрлердi салуда полиуретандық тiрек бөлшектерiн қолдана бастадық. Келесi жылдан бастап монолиттi темiр бетонды көпiрлердi саламыз және жылы асфальттi пайдаланамыз», - дедi А.Жұмағалиев.
«Көлiктiк бақылау жүйесiнде рұқсат құжаттарын беру үдерiсiн автоматтандыру бойынша отандық тасымалдаушылар үшiн шетелдiк рұқсат беру жүйесi iске қосылып, нәтижесiнде бланктердi бөлу тәртiпке келтiрiлдi.
Өткен жылы 9 тұрақты бекет жабылып, орнына салмақ өлшеудiң 13 электрондық жүйесi енгiзiлдi. Келесi жылы тағы 18 электрондық таразыны iске қосу жоспарланып отыр. Атап өту керек, 2013 жылы тұрақты бекеттер 200 мыңнан астам автокөлiк құралын тексерсе, 3 электрондық таразы 500 мыңға жуық көлiктi тексеруден өткiзген», - дедi ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады