- Басты
- Жаңалықтар
- 2050 жылға дейін Қазақстанның 100% баламалы энергетикаға көшу әлеуеті зор
2050 жылға дейін Қазақстанның 100% баламалы энергетикаға көшу әлеуеті зор
К. Брейер өзінің зерттеуінде Қазақстанның баламалы энергетикадағы дәрежесі мен әлеуетін басқа әлемдік елдермен салыстырып көрді.
«Норвегия гидроэнергия мен жел энергиясын пайдаланатыны белгілі. Латын Америка елдері ішінен Парагвайда да көбіне гидроэнергия қолданылады, осы орайда Коста-Рика ресурстарға өте бай, өйткені, бұл ел тек гидро емес, күн, жел, био энергияларын өз пайдаларына жаратады. Жалпы, бүкіл әлемде жел және гидроэнергиямен қамтамасыз ету басты мақсатқа қойылған. Ал Үндістан, өз кезегінде, күн энергетика саласында жақсы дамып келе жатыр, сондықтан бұл мемлекетте күн энергиясының жылдам нарығы қалыптасып келе жатыр», - деді профессор.
Автор еңбегінің нәтижесі ретінде Қазақстанның баламалы энергетикаға көшу үшін үш түрлі кезеңді сипаттайды. Жалпы, 2050 жылға еліміздің энергетикалық жүйесінде жасыл энергияға көшу әлеуеті қарқынды.
Кристиан Брейердің айтуынша, баламалы энергетикаға көшу моделі су тапшылығы мәселесін шешіп қана қоймай, энергияны түрлендіру мүмкіндігін де береді.
«Қазақстан энергетика саласында, негізінен, көмірге тәуелді, сондай-ақ сіздерде гидростанция да, мұнай, газ да бар. Сіздердің елдеріңізге ең қолайлы баламалы энергия – күн энергиясы деп толыққанды айта алмыз. Бірақ, ресурстарға бай Қазақстан энергияның барлық түрін де пайдалануға мүмкіндігі жеткілікті. Мүмкін, күн батареялары 20-30 жылдан кейін бізге газды алмастыра алатынын да айту кеткен жөн», - деп атап өтті К. Брейер.
Жалпы, Қазақстанның баламалы энергетикаға көшу тақырыбы 2011 жылдан бері айтылып келе жатқан басты бағыттарының бірі.
Айта кетейік, елордада Астана экономикалық форумы өтуде. Форумның тақырыбы "Жаңа энергия-жаңа экономика". Шараға 100 елдің 4 мыңнан астам делегаты қатысуда.
Ақбота Күзекбай
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
COVID-19: Вакцина вирустан 100% қорғай ма