• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Қырғызстанмен экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Сенат Қырғызстанмен экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

15 Маусым, 2017 17:24
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісім ратификацияланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Келісімге сәйкес Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциялану процесіне жәрдемдесу мақсатында Қырғыз тарапына 100 млн. АҚШ долларына балама көмек көрсетеді.

Көмек Қырғыз тарапына Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы жөніндегі «Жол карталарында» көзделген іс-шараларды іске асыруға, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қырғыз учаскесіндегі кедендік инфрақұрылымды жақсартуға, Қырғыз Республикасының санитария, ветеринария, фитосанитария жүйелерін Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкес келтіруге беріледі.

Бұл ретте, көмек Үкіметаралық жекелеген хаттамаларға сәйкес кезең-кезеңмен ақшалай қаражат, оқыту бойынша көрсетілетін қызмет, тауарлар түрінде берілетін болады. Ұсынылатын көмектің орынды және тиімді жұмсалуын бақылау мақсатында Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесі аясында екіжақты бірлескен Тексеру комиссиясы құрылады.

Палата «Прокуратура туралы» заңды қабылдады. Құжат заңнаманы еліміз Конституциясының жаңартылған 83-бабына сәйкестендіруге, сондай-ақ прокуратура органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған. Заңға сәйкес, прокуратура қызметі Қазақстан Республика
 

 

Барлық жаңалықтар