• Басты
  • Жаңалықтар
  • Mastercard пен АХҚО Қазақстанда қолма қол ақшасыз есеп айырысу экономикасын дамытатын болады

Mastercard пен АХҚО Қазақстанда қолма қол ақшасыз есеп айырысу экономикасын дамытатын болады

15 Маусым, 2017 16:57
Астана экономикалық форумы аясында Mastercard төлем жүйесі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы инновациялық төлем технологияларын енгізу және Қазақстанда қолма қол ақшасыз есеп айырысу экономикасын дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге отырды.

Құжатқа қолдарын Mastercard-тың Ресей, Қазақстан, Беларусия мен Армениядағы басшысы Алексей Малиновский  мен АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов қойды.  

«Заманауи төлем технологияларын тарату кәсіпкерлердің, қаржы мекемелері мен мемлекеттің алдында жаңа мүмкіндіктердің бетін ашады. Mastercard ұсынып отырған шешімдер қала мен аймақты басқару, көлік, қызмет көрсету, туристік бизнес, білім беру сынды түрлі салаларда пайдаланылады. Біз Mastercard пен АХҚО  серіктестігі Қазақстанда қолма қол ақшасыз есеп айырысу экономикасын дамытуда бір белес болады деген үміттеміз», - деді  А.Малиновский.

Серіктестіктің тағы бір маңызды бөлігіне халықтың қаржылай сауаттылығына негізделген қаржы қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстар болмақ. Аталмыш міндет аясында тараптар сәйкесінше білім беру бағдарламасы мен науқанды жүргізуді жоспарлап отыр.

«Біз Mastercard-пен серіктестікті қолдаймыз. Бұл АХҚО табысты дамыуына септігін тигізетін болады және алаңды Қазақстан бойынша ақылды қалалар үшін инновациялық инфрақұрылымның үлгісіне айналдырады деген сенімдеміз», - деп атап өтті Қ.Келімбетов.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар