- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда инвесторлар үшін жаңа ынталандыру енгізілді – Е. Хайыров
Қазақстанда инвесторлар үшін жаңа ынталандыру енгізілді – Е. Хайыров
Еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мәселелеріне арналған сессия барысында Қазақстанның ЭЫДҰ көпұлтты кәсіпорындардың халықаралық инвестициялары туралы декларациясына қосылуы туралы белгілі болды. Осылайша, Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін анағұрлым ашық әрі қолайлы орта жасауға ұмтылу туралы жариялаған 84-ші мемлекетке айналды.
«Инвестициялар үшін бәсекелестік үнемі болады және біздің міндетіміз осы күресте үнемі алда болу. Сондықтан, біз осы ұсыныстарды жоғары бағалаймыз және олардың сапалы енгізілуі Қазақстан экономикасын нығайту процесінде аса маңызды. ЭЫДҰ Хатшылығы мен әріптестеріне Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартуға қосқан үлесі үшін, пайдалы ұсынымдары мен жемісті еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдіремін», - деді Е.Хайыров.
Сондай-ақ, ол соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан ЭЫДҰ сарапшыларымен бірлесіп, елдегі инвестициялық климатты жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарғанын да атап өтті. Әкімшілік кедергілер жойылып, инвесторлар үшін жаңа ынталандыру енгізілген.
"Азаматтары Қазақстанға визасыз режимде келетін елдердің тізімі кеңейтілді. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың саны 65-ке жетті. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін тарту жағдайлары жетілдірілді, Жоғарғы соттың жанынан Инвестициялық даулар жөніндегі мамандандырылған сот алқасы құрылды" , - деп атап өтті Е. Хайыров.
Сондай-ақ, ол бизнесті жауапты жүргізу бойынша ұлттық байланыс орталығы құрылғанын хабарлады, ол арқылы азаматтық қоғам мен инвесторлар арасындағы кері байланыс қамтамасыз етіледі.
«ЭЫДҰ ұсынымдарына сәйкес Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Ұлттық стратегия әзірленді, онда ЭЫДҰ ұсынымдарына сәйкес, инвестицияларды тартудың, инвестициялық климатты жетілдірудің нақты механизмдері көрсетілген. Инвестициялық климатты жақсарту жұмысы осымен аяқталмайды, Қазақстанның инвестициялық климатының ЭЫДҰ елдерінің озық стандарттарына сәйкес келуі үшін барынша күш салатын боламыз», - деп қорытындылады Е. Хайыров.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда