Қазақстан 25-жыл ішінде табысты түрлене алды

15 Маусым, 2017 15:41
Дүниежүзілік банктың Еуропа мен Орталық Азия аймағы бойынша вице-президент Сирил Мюллер Астана экономикалық форумында сөз сөйлей отырып Қазақстанды жүйелі сараптаудың өзара бірін-бірі толықтыратын төрт бағыт туралы айтып берді және Қазақстанның 25-жыл ішінде табысты түрлене алғанын атап өтті.

«Ағымдағы жылы біз Қазақстанның Дүниежүзілік банкке мүшелік еткен 25-жылдығын атап өтудеміз. Тоқсаныншы жылдарда осы аймақта жұмыс істеген алғашқы сарапшылардың бірі ретінде Қазақстанның айтарлықтай алға жылжығанын растай аламын. Ширек ғасыр ішінде Үкімет пен біздің серіктестерімізге білдірген сенімі үшін алғыс айтқым келеді», - деді сөз басында С.Мюллер. 

Ол еске салып кеткендей, Қазақстан Дүниежүзілік банкке 1992 жылдың  23 шілдесінде енді. Алғашқы кеңсе Алматыда 1993 жылы ашылса, 1998 жылы Астанаға көшірілді.

«Біздің алғашқы серіктестігіміз ұлттық институтарды қалыптастыруға бағытталған болатын. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап халқының әлаухаты жақсы гүлденген мемлекет болуға талпынатынын айқын көрсете білді және трансформацияны табысты жүзеге асыра алды. 2006 жылы мемлекет табысы орташадан жоғары  деңгейге көшті. Бұл көрсеткшітерге қол жеткізу үшін Қазақстан мұнай ресурстарын пайдаланды», - деді С.Мюллер.

ДБ вице-президенті атап өткендей, жаһандық қаржы дағдарысы мен шикізат тауары циклының азаюы Қазақстанның өсім белсенділігі жылына  2-3% аралығында екенін көрсетеді.

«ҚР Үкіметінің алдында өсім белсенділігін орташажедел мерзімде 5 %–ға дейін қолдау және  2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елдің қатарына ену міндеттері тұр. Біздің сараптама көрсетіп отырғандай өсімге негіз болып отырған қозғаушы күш өзгертілуі керек, мемлекеттік сектор мен мемлекеттік инвестициялар өсімнің негізгі күші бола алмайды», - деп атап өтті С.Мюллер.

Оның айтуынша, соңғы  15 жылда  инфрақұрылымға ірі инвестицияларды  енгізу Қазақстанды  халықаралық  нарыққа интеграцияланған ел мүмкіндігін қолдану және стратегиялық географиялық ұстанымды пайдалануға мүмкіндік береді.

«Қазақстандық экономика үшін сынақ, аталмыш активтерді болашақтағы өсім үшін тиімді  пайдалану. Осылайша, Қазақстанның  табыстылығы  инфрақұрылымды тек транзит мақсатында қолдану ғана емес, қазақстандық экономиканы өсу қозғалтқышы ретінде көрсету», - деді С.Мюллер

С.Мюллер айтып өткендей,  Қазақстанның жүйелік диагностикасы  дайын төрт өзара орындау бағыты Қазақстанға құрылымдық трансформацияға жеткізуге мүмкіндік береді.

«Алғашқысы,  тиімді мемлекеттік қызметпен  мұнай экономикаларына негізделмеген  бәсекеге қабілетті алғашқы макроэкономикалық басқару. Екіншісі, мемлекеттік сектор өсіміне әсер ететін күш пен мұнай  және жеке сектор. Соңғы бірнеше жылда  өзгеріп бара жатқан сыртқы ортада айтарлықтай прогресс болды. Үшіншіден, Қазақстан  экономикалық байланыс әлеуетіне жету бойынша көрші елдермен жұмыс істеуде, оның ішінде  Қытай, Ресей, Оңтүстік Азия, Еуропа бар. 21 ғасырдағы жаһандық  экономика  лезде өзгеру қабілеттігіне ие, аталмыш өзгерістер  экономикалық мүмкіндіктерге трансформацияланады. Қазақстан төрелік орнату мен өзге секторларда үлкен өзгеріс жасауды қайта қарастырады. Төртіншіден, Қазақстан үшін  азық-түліктік бәсекеге қабілетті  және бейімделгіш адами капиталды әзірлеуі керек, себебі  жұмыскердің  еңбек өнімділігі  жоғары болуы керек. Қазақстанның жүйелік диагностикасы ірі фактілерінің бірі. Бұл жеке индивидтер, оның ішінде: жеке кәсіпкерлер, оларға адамдардың  50 пайызы тең. Олардың әлеуеті заманауи  экономикада шектелген. Болашақта табыстың көрсеткіші оқшауланған индивидтердің қатарын азайту арқылы келеді», - деді С.Мюллер.
 
Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар