- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті ЭКСПО ашылуында полиция қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалады
ҚР Президенті ЭКСПО ашылуында полиция қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегі қылмыстық ахуалдың жағдайы туралы есеп берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары жүргізіп отырған шаралардың нәтижелеріне тоқталып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың сапасын жақсарта беру қажеттілігін атап өтті.
« Жалпы, жағдай жақсарып келеді. Қылмыс жасау 16 пайызға азайды. Оларды ашу көрсеткіші 60-тан 70,2 пайызға көтерілді. 26 мың адамға рақымшылық жасалып, 1200 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды», – деді Қазақстан Президенті.
Ішкі істер министрі Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде Астанадағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндап, ішкі істер органдарындағы реформалардың нәтижелері жөнінде айтты.
Елбасы Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуында тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне ризашылық білдірді.
«Көптеген мемлекеттер басшылары мен қонақтар қатысқан «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуында қауіпсіздікті қамтамасыз еткен еліміздің бүкіл полиция қызметіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, «Сырбар» сыртқы барлау қызметіне және басқа да органдарға алғыс айтамын. Біз көрменің ашылуын ұйымшылдықпен өткіздік», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев мұндай іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің айрықша күрделі мәселе екеніне тоқталып, барлық құқық қорғау органдарының жұмысын жоғары бағалады.
«Астанаға облыстардан адамдар жіберілді. Офицерлердің барлығы белгіленген орындарынан табыла білді. Әрқайсысы өзіне тапсырылған іспен айналысты. Барлық салада да кәсібиліктің жоғары деңгейі қамтамасыз етілді», – деді Қазақстан Президенті.
Кездесі соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті