- Басты
- Жаңалықтар
- «Алтын белгіге» үміткер түлектердің 93,5 % өз білімдерін дәлелдеді
«Алтын белгіге» үміткер түлектердің 93,5 % өз білімдерін дәлелдеді
29 мамыр мен 9 маусым аралығында қазақстандық мектептерде түлектер қорытынды аттестациядан (мектеп бітіру емтиханы) өтті. 5180 мектептентен 125 482 түлек қатысты - барлық емтихан оқу орны бойынша мектеп базасында өтті.
«Қорытынды аттестация 5 пән бойынша өтті, олардың ішінен 4 міндетті пән, біреуі таңдау бойынша. 125 482 түлектің 35 419-ы (28,2 %) өте жақсы бағаға, 58 347 (46,5 %) – жақсы, 31 603 (25,1 %) түлек қанағаттанарлық, ал 113-і (0,02%) қанағаттанбайтын бағаға тапсырып шықты.
Түлектердің өз білімін дәлелдегені жоғары пайызды көрсетті – орта білім бойынша «Алтын белгіге» үміткерлер 5656 (93,5 %) және өте жақсы баға бойынша аттестат алғандар – 4670 (100 %) түлек болды. Әділдік және ашықтық болуы үшін әрбір мектепте ата-аналар комитетінің, қоғамдық бірлестіктің өкілдері, пән мұғалімдері емтихан комиссиясының құрамына кірді», - делінген хабарламада.
Мектептердің 125 482 түлегі өз ана тілдерінде эссе жазып, 26,2% - «5», 46,5% - «4» деген баға алды. Математика пәні бойынша түлектердің - 22,6% - «5», ал 43% - «4» деген бағаға ие болды. Тест бойынша өткен емтиханда физикадан 27 258 түлектің 36,4% - «5», 36,3% - «4», ал 17 түлек «2»-ге тапсырды. Химия пәні бойынша 3073 түлектің 58,0% - «5», 29,7% - «4»-ке лайықты деп табылды, ал 3 түлек «2» деген баға алды. Сондай-ақ географиядан 40374 түлектің 59% - «5», 33,5% - «4» деген бағаға ие болса, 4 түлек «2» алды. Биология пәні бойынша 42 119 түлектің 39,2% - «5», 37,6% - «4» деп бағаланса, ал 11-і «2» алды.
Информатика пәнінен 286 мектеп бітірушінің 61,5% - «5» алса, 19,6% - «4» деген бағаға ие болды. Екінші пән бойынша (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен) 125 482 түлектің 43,2% - «5»-ке тапсырды, 30,3% - «4» алды. Биология бойынша 286 түлектің 61,5% - «5», ал 19,6% - «4»-ке бағаланды. Ағылшын тілі пәні бойынша 10006 түлектің 73% - «5», ал 18,6% - «4» алды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі