- Басты
- Жаңалықтар
- Путраджайяда казақстандық-малайзиялық саяси консультациялар өтті
Путраджайяда казақстандық-малайзиялық саяси консультациялар өтті
Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтын ахуалына және болашағына баға беріп, әлемдік күн тәртібі мәселелерінің жиынтығын талқылаған және көптеген өзекті көріністер бойынша ұстанымдардың үйлестіктерін атап өтті.
Ислам ынтымақтастық ұйымындағы әрекетінде Малайзия мен Қазақстан әріптестігінің жоғары деңгейін атап өтіп, А. Камалдинов Премьер-министр Наджиб Тун Разакқа Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін ИЫҰ білім және ғылым жөніндегі бірінші Саммитіне қатысу үшін шақыру хатын тапсырды.
Өз кезегінде министр мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастарға жоғары баға бере отырып, шақыру хаттың тұпнұсқасын Премьер-министрге тапсыратынын білдірген және аталған Саммитке малайзиялық тараптың жоғары деңгейде қатысу мүмкіндігін аса назармен қарастыратынын сендірді.
Сонымен қатар қазақстандық дипломат Президент Н. Назарбаевтың Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын (АҚИҰ) құру бойынша бастамасы туралы айтып, ИЫҰ жаңа жүйесінің белсенді қатысушысы болуға және мұсылмандық әлемінің гуманитарлық мәселелерін шешу жолында үлкен үлес қосуға шақырды.
ҚР СІМ хабарлағандай, А. Аман Қазақстанмен ауыл шаруашылығы секторындағы ынтымақтастық болашағын он бағалады және АҚИҰ негізіндегі жатқан идеясын ғаламдық қауіпсіздікпен тікелей байлануда екендігін және өз елі үшін ерекше қызығушылық білідіретінін атап өтті.
А. Камалдинов малайзиялық тарапына «ЭКСПО-2017» көрмесінің жұмысына қатысу үшін алғыс білдірді және экспозицияның Малайзия үшін альтернативтік энергетика саласындағы жетістіктерін көрсету үшін он платформа болатынын жеткізді.
Сапар шеңберінде Малайзияның административтік орталығы – Путраджайяда Арнайы уәкіл Малайзияның СІМ Бас хатшысы Рамлан Ибрагимның деңгейінде екі елдің сыртқысаяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялар өткізді.
Кездесуде дипломаттар көпжақты және екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бір топ мәселелер бойынша пікір алмасты. Қарым-қатынастардың қарышты дамуына қанағаттандыруын білдіріп, Біріккен сауда экономикалық комитеті және қазақстандық-малайзиялық Іс кеңесі - экономикалық кооперацияның әрекетті механизмдер жұмысының жандануын, сондай ақ, өзара сауда алмасу және инвестициялардың өсу құбылысын атап өтті.
Кездесу нәтижесінде тараптар екіжақты ынтымақтасты, сонымен қатар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі әріптестікті нығайтудың қажеттілігіне бірынғай пікірге келді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті