- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министрдің бірінші орынбасары 2013 жылғы мембағдарламалардың нәтижесі туралы әңгімеледі
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары 2013 жылғы мембағдарламалардың нәтижесі туралы әңгімеледі
«Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша да ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы 4 мың шақырымнан астам қалпы қолданыстағы жолдар жөндеуден өткізілді. «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» дәлізі бойында бірнеше учаскеде жол қозғалысы ашылды.Оған қоса, Қазақстанның батысы мен шығысын байланыстыратын «Жезқазған-Бейнеу-Шұбаракөл» жаңа теміржол желілерінің құрылысы жүргізілуде», деп атап көрсетті бірінші вице-премьер өз сөзінде.
«Құрылыс саласында өткен жылдардың оң динамикасы сақталуда. 2,9% пайыз деңгейінде өсім бар. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Жылдың қорытындысы бойынша біз бағдарламада қарастырылған 6,6 млн. шаршы метрдің орнына, шамамен 6,8 млн. шаршы метрдің тұрғын үйлерін іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Б.Сағынтаев өз сөзінде.
«Үстіміздегі жылдың алдын ала қорытындыларына келетін болсақ, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты өсіммен белгілеуге болады. Үкімет Елбасы тапсырған экономикалық өсім қарқынын 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз етті. Инфляция үдерістері тұрақты», - деді вице-премьер.
Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылы жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрайды. «Инвестициялық белсенділік артып, негізгі капиталдағы инвестиция өсімі 8,7 пайызды құрады. Бұл дағдарыстан кейінгі, яғни соңғы 4 жыл ішіндегі ең жоғары жылдық көрсеткіш болып табылады», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.
-
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері