- Басты
- Жаңалықтар
- Оныншы Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады (ФОТО)
Оныншы Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады (ФОТО)

Араб елдері мен Еуропа, ТМД елдерінің сарапшылары Оныншы Астана экономикалық форумы аясында ұйымдастырылған ынтымақтастықтың екінші өңірлік форумында бас қосты. Тараптар Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы мен үшжақты ынтымақтастық серіктестігінің рөлін талқылайды. Ерекше назар «жасыл» экономика саласына аударылады.
Ұлттық экономика вице-министрі Рулан Дәленов айтып өткендей, форумға 4 мың шетелдік делегат қатысуда.
«Екі күн ішінде әр түрлі форматта 40 сессия ұйымдастырылады, олардың барлығы «Жаңа энергия-жаңа экономика» тақырыбы төңірегінде жиналады. Үкімет басшылары мен министрлер, қаржы институттарының өкілдері, үздік сарапшылар қатысатын форумда әлемдік экономиканың жаңа сынақтары мен тұрақты дамуы талқыланады», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, форум аясында «The Economist» инновациялық саммиті, Silk way көліктік-логистикалық бизнес форум өтеді.
АЭФ аясында Дүниежүзілік банк екі сессия өткізеді, шарада Қазақстан экономикасына әсер ететін жаһандық әдістердің әсер етуі сарапталады.


Алғашқы сессия «Қазақстан – елдің жүйелік диагностикасы» тақырыбында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өтсе, екінші сессия - «Қазақстанның болашаққа көзқарасы – халықаралық қаржылық ұйымдардың әлеуеті» тақырыбында өтпек.

Қатысушылар Азия экономикасындағы негізгі әдістерді талқылайды.
Форумда Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілері, Араб елдері үшін БҰҰ өңірлік бағдарламаларын дамытудың өңірлік бюросы, Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша БҰҰ басқару, Ислам даму банкі, Статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеу ислам елдері үшін оқыту орталығы, шейха Зайед атындағы қоршаған орта халықаралық қоры, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб және халықаралық ұйымдардың жоғарышенді өкілдері баяндамаларын оқиды.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын