- Басты
- Жаңалықтар
- Г. Әбдіқалықова Польшаның вице-спикерімен кездесті
Г. Әбдіқалықова Польшаның вице-спикерімен кездесті
«Бізді бұрыннан бері достық қарым-қатынастар байланыстырады. Өткен жылы Елбасымыз Польшаға ресми сапармен барған болатын. Бұл өте нәтижелі сапар болды. Қыркүйекте Сіздің еліңіздің президенті Анджей Дуда мырзаны күтеміз, бұл өте маңызды оқиға болмақ. Сіздің еліңіз қарқынды дамып келе жатқанын білеміз. Экономикамен қатар бизнес те жақсы дамып келеді, ШОБ үшін жақсы жағдайлар жасалуда. Осы тұрғыда бізде бірлескен жобаларымыз бар. Ал мәдени-гуманитарлық аспектіде жастарымыздың 700-ден астам өкілі польшалық университеттерде білім алуда, олар өте жақсы мамандар болып елімізге оралып жатыр. Сондай-ақ, біз Астана мен Варшава арасында тікелей рейс ашылғанына да қуаныштымыз, бұл барлық бағыттарда тығыз қарым-қатынас жасау үшін жақсы мүмкіндік», - деді Г. Әбдіқалықова.
ҚР Мемлекеттік хатшысы 32 мыңдық поляк диаспорасының Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық өмірінің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, Польшаны 2018-2019 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің құрамына сайлануымен құттықтады.
«Біз осы ұйым аясында тығыз жұмыс жасаймыз деп үміттенеміз. Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік бойынша келісімді ратификацияланғаны үшін алғыс білдіремін. Польшалық тарап жылдам әрекет етіп, парламент осы келісімді ратификациялаған еді», - деп қорытындылады Г.Әбдіқалықова.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Польша қарым-қатынастарының ағымдағы ахуалын және саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Қайрат Жандыбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет