- Басты
- Жаңалықтар
- Э. Байжүнісов: МӘМС емделушінің мүддесін бірінші кезекке қоюға мүмкіндік береді
Э. Байжүнісов: МӘМС емделушінің мүддесін бірінші кезекке қоюға мүмкіндік береді
Эрик Байжүнісов халықаралық әріптестерге елімізде міндетті медициналық сақтандыруды енгізу процесі туралы айтып берді.
«Қор үлгіні таңдау барысында денсаулық сақтау саласын реформалау және МӘМС бойынша әлемдік тәжірибені бүге-шүгесіне дейін зерттеді. Жалпы, МӘМС ұйымдастыру барысында барлық мәселелер ескерілді. Бұл өз кезегінде емделушінің мүддесін бірінші кезекке қоюға мүмкіндік береді, Тағы да қайталап айтқым келетіні мемлекет өзіне 14 санат бойынша азаматтарға негізгі медициналық қызмет түрін көрсету құқығын қалдырып отыр. Бүгінде бұл санаттағы азаматтар саны 10 млн-нан асып жығылады», - деді басқарушы директор.
Спикер атап өткендей, барлық негізгі қызмет түрлері амбулаториялық көмек, вакцинациялау, жедел көмек әр қазақстандыққа жасына және әлеуметтік жағдайына қарамастан қолжетімді болады.
«Әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында негізгі медициналық қызметтер енгізілді. Біз жүргізген есептеулерге сәйкес сақтандыру мен жарна үлесі денсаулық сақтау саласындағы барлық шығынның 65% құрайды. Ал, өзге басқармалар қалған 35% қамтиды. Бұдан басқа, халыққа өз еркіңмен медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметті пайдалану қарастырылған», - деп толықтырды Э. Байжүнісов.
Сондай-ақ, ӘМСҚ басқарушы директоры ең көп қойылатын сұрақ, сақтандыру компанияларының құқығына қысым жасалмай ма деген сұраққа жауап берді.
«Оларға қысым келтірілмейді. Аталмыш міндет еркін, егер өз еркімен жасалған қызмет бұрынғы қалпында қалады. Бәсекеге қабілетті нарық пайда болғанда бұл қызметтер айтарлықтай қолжетімді және топтамасын кеңейте түседі», - деді спикер.
Айта кетейік, қордың жаңа талаптарына сәйкес, қаржылай тұрақты ұйым ретінде стратегиялық міндеттер мен тиімді, әрі сапалы медициналық көмек науқастың қызығушылығына икемделеді. Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту аясында ӘМСҚ өз қызметін төрт бағытқа жіктеді:
1) Азаматтарды сапалы медициналық қызметпен қамту
2) Көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасын арттыру
3) Қорды стратегиялық сатып алушы ретінде дамыту
4) Сатып алу саясатының ашықтығы мен реттелуі
Қордың айтуынша, медициналық қызметті алдыңғы жылдары да сатып алу үшін жобаны әзірлеу керек.
«Сақтандыру науқастың қызығушылығын жүзеге асыратын құралдардың бірі. Салым салатын науқас пен жұмыс беруші бүгінгі таңда ол қаржыландырудың басты көзі болып отыр», - деді Эрик Байжүнісов.
Ол айтып өткендей, қор тек 1 шілдеде жаңа жүйені қосып қана қоймай, ол сынақтар мен ұсыныстарға ашық.
«Бәсекелестіксіз, өркениетті нарықсыз жақын арадағы медициналық көмектің әлеуеті туралы ойлау мүмкін емес. Әлемдік тәжірибе де осыны көрсетіп отыр. Меніңше, МӘМС жүйесі аталмыш нарыққа енуге мүмкіндік береді», - деді Э.Байжүнісов.
Айта кетейік, бүгін Астана экономикалық форумның жұмысы басталды. АЭФ-тің негізгі шараларының қатарында 20 панельдік сессия өтеді. Онда басты тақырып «Жаңа энергия-Жаңа экономика» талданады.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру