ОСК Сенат депутаттарының сайлауына байқаушыларды аккредиттеуде

15 Маусым, 2017 15:36
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің 54 байқаушысын аккредиттеді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

Орталық сайлау комиссиясы «2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. 

Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында 40 байқаушыны, шет мемлекеттерден - 14 байқаушыны аккредиттеді. 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 15 шет мемлекеттен, сондай-ақ сайлауды байқауға қатыса алатын шетелдік БАҚ-тардың 116 өкілін аккредиттеді. 

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2017 жылғы 22 маусымға дейін жүзеге асырады. 

Өзінің сөзінде Ортсайлаукомның мүшесі М.Сәрсембаев сайлаудың жанама болғанына қарамастан, сайлау науқанына деген қызығушылықтың жоғары екенін атап көрсетті.  Аккредиттеу процесі жалғасып жатыр.

 

Барлық жаңалықтар