- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО-да онлайн-дүкендерге қойылатын талаптар заңнама түрінде бекітіледі
ЕАЭО-да онлайн-дүкендерге қойылатын талаптар заңнама түрінде бекітіледі
ЕЭК-те Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қашықтықтан өткізу кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясат жүргізуінің жалпы тәсілдері талқыланып, мақұлданды.
«Комиссия әзірлеген тәсілдер үздік ұлттық және халықаралық практикаларға негізделетін болады. Біз Одақ елдерінің тұтынушылары тауарлар туралы қажетті және дұрыс ақпаратты уақтылы алуын қалаймыз. Бұл оларға дұрыс таңдау жасауға және интернет арқылы сатып алынатын тауарлардың сапасына кепілдік беруге мүмкіндік береді », - деп хабарланды ЕЭК-те.
Құжатта ЕАЭО елдерінің онлайн-дүкендеріне қойылатын талаптардың алдын ала тізбесі қалыптастырылды. Онда тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері мен техникалық сипаттамалары, бағасы мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты қоса алғандағы мәліметтер, тауардың кепілдікті мерзімі (бар болса), жұмыс істеу мерзімі немесе жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер болуы тиіс.
Сатып алу-сату шартын жасағанға дейін сатып алушы интернет-сатушыдан келісім жасау шарттары, мерзімі және тәртібі туралы ақпарат алады.
ЕАЭО елдерінің ұлттық заңнамасында әрбір мүше мемлекеттің аумағында Одақ елдері азаматтарының тұтынушылық құқықтарын тең дәрежеде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ережелерді қарастыру ұсынылады. Сондай-ақ, дауларды қашықтықтан реттеу және тұтынушымен шарттарды ресімдеу талаптары мен тәртібіне, шарттарда көрсетілетін мәтін қаріпіне және ақпаратқа қойылатын талаптарды белгілеу мүмкіндігі де көзделеді. Бұдан бөлек, ЕАЭО елдері сатып алушыға тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы толық әрі дұрыс ақпарат ұсынбаған сатушының жауаптылығын айқындайтын болады.
Жалпы тәсілдер еркін өткізілуі ұлттық заңнамамен тыйым салынған немесе шектелген тауарларды қашықтықтағы тәсілмен трансұлттық сатуға жол бермеуге бағытталған. Осы мақсатта Одақ және ЕЭК өткізуге қандай да бір ұлттық тыйым салулар мен шектеулердің болуы туралы мәлімет алмасады.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
ІІМ-нің Жоғары оқу орнына түсу талаптары қандай -
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек