• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында құрылыс материалдарының инновациялық өндірісі іске қосылады

Ақмола облысында құрылыс материалдарының инновациялық өндірісі іске қосылады

15 Маусым, 2017 18:09
Ақмола облысында негізгі шикізат көзі базальт болып табылатын жылуоқшаулағыш минералды тақта шығарыла бастайды.

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, «Politerm» ЖШС базальт жынысы негізінде жылуоқшаулағыш материалдардың өндірісімен айналысады. «Тас» мақтасы жақсы танымал  қож мақтасы мен шыны мақтасынан түбегейлі өзгеше. Оны ғимараттың алдын, жертөле мен шатырды, еден мен шатырдың астын, құбырларды, сантехникалық және жылыту құралдарын жылыту үшін және «сэндвич» құрылыс панелдерінің өндірісі үшін пайдаланады.

«Қазіргі таңда сэндвич-панелінің өндірісі бойынша барлық қазақстандық кәсіпорындар  Ресейден және өзге мемлекеттерден әкелінетін минтақталармен жұмыс істейді. Яғни, елімізде базальды минтақтаны жоғары сапалы түрде ешкім өндірмейді. Біз осы мәселені ірі индустриалды импортты алмастыратын жобаға кіріспес бұрын жан_жақты зерттедік.  Елімізде осы саладағы алғашқы кәсіпорын болатын өндіріс ошағының жылдық қуаттылығы жылына 34 мың тонна болады деп жоспарлануда», — деді компанияның бас директоры.  

Бүгінде барлық құрылыс жұмастары аяқталған және жоба ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылады деп күтілуде.  

Барлық жаңалықтар