• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында қуаттылығы жылына 50 000 тонна болатын құс фабрикасы ашылады

Ақмола облысында қуаттылығы жылына 50 000 тонна болатын құс фабрикасы ашылады

15 Маусым, 2017 11:16
Қазақстандағы ірі жобалардың бірі- құс фабрикасы 2018 жылдың күзінде ашылады. Кәсіпорынның екінші кезеңі Бұланды ауданында 2020 жылға дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Макинск құс фабрикасының қуаттылығы жылына 50 000 тонаны құрайды. Бұл жерде технологиялық цикл жүзеге асырылады – өнімді дайындап шығару. Фабрикадан  экоөнімді алу үшін  алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылады.

«Жобаның  құны – 41 млрд теңге, оның  35 млрд-ы – өзіндік қаржы, 6 млрд – қарыз. Жобаны  Астана маңындағы  азық-түлік  белдеуі аясында жүзеге асыру  елордаға құс етін жеткізу көлемін арттырады, сондай-ақ,  700 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар