Инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресіне 51 ел қатысады

15 Маусым, 2017 09:52
Дүниежүзілік Конгреске Әлемнің 51 елінен 1000-нан астам делегат қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз конференциясы барысында Конгрестің бас үйлестірушісі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Төралқасының бас ғылыми хатшысы Гүлбазар Медиева хабарлады.

WSEC-2017 Конгресі 19-20 маусым аралығында ЭКСПО аумағының Конгресс орталығында өтеді.

 «300-ден астам шетелдік ғалымдар мен инженерлер Конгресс делегаттары қатарына кірген. Олардың арасында – Нобель сыйлығының төрт лауреаты және "Жаһандық энергия" Халықаралық сыйлығының 8 лауреаты, белгілі сарапшылар, жетекші ғалымдар мен әлемнің ірі энергетикалық компанияларының басшылары бар», - деді Конгрестің бас үйлестірушісі Г.Медиева.

Өткізілгелі отырған WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресін ұйымдастыруға Ұлттық инженерлік академиясы мен Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы бастама көтерген.

Жалпы WSEC жұмысы 4 ғылыми блоктардан құрылады.

Олар, «Бүкіл әлемдік энергетиканың 2050 жылға дейін дамуының келешегі мен сценарийлері», «Энергетикалық трилемманың балансы: қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық», «Әлемдік энергетиканы және Энергетикалық нарықты дамыту тенденциялары», «Ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету.

Барлық жаңалықтар