- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр «Атамекен» ҰКП IV Съезінің жұмысына қатысты
Премьер-Министр «Атамекен» ҰКП IV Съезінің жұмысына қатысты

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет жұмысының негізі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді орындау екенін атап өтті.
"Үшінші жаңғыру аясында өнеркәсіпті жылдамдатылған технологиялық жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, процестерді автоматтандыру жұмыстан босатуға әкеледі", - деп хабарлады primeminister.kz.
Осыған орай, Үкімет жаңа өндіріс орындарын ашу мен жаңа жұмыс орындарын ашатын жаңа –сервистік - экономиканы ынталандыру жұмыстарын жүргізуде. Денсаулық сақтау саласының әлеуетін дамыту үшін қайта реттеу шаралары қабылданып, рұқсат құжаттарының саны азайтылып, заңнамалық кедергілер жойылады.
АТ-технологияларды дамыту үшін Кремний алқабындағы АҚШ технопарктерінің, Ресейдегі Иннополистің және Беларусьтағы Жоғары технологиялар паркінің тәжірибесі зерттеледі. Астанада ЭКСПО-2017 нысандарының базасында халықаралық стартап-хаб құрылады.
Үкімет пен «Атамекен» ҰКП бірлескен жұмысының алдын ала қорытындылары бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ө. Шөкеев сөз сөйледі.

ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың ШҚО-ға жұмыс сапары барысында көтерілген қазақстандық қамтуды дамыту аясында тауарлар мен қызмет көрсетуді жеткізу туралы мәселелерді шешу туралы баяндады.

Сондай-ақ, ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов несиелеудің қолжетімділігі, инфрақұрылымға және жер телімдеріне қолжетімділік мәселелерін және Алматы облысының туристік қызметінің субъектілері қозғаған салық салу мәселелерін шешу туралы баяндады.

Қаржы министрі Б. Сұлтанов ШОБ субъектілерін тексеру санын қысқарту шаралары туралы баяндады. Салық кодексінің жобасында тексеруге негіздемелерді 36-дан 14-ке, яғни 56%-ға қысқарту қарастырылған.

ФОТО: Бауыржан Жуасбаев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты