Өскеменде биыл 18 жол учаскесі жөнделеді

15 Маусым, 2017 09:11
Өскемен қаласында жыл соңына дейін 19 шақырым жол жөндеуден өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев мәлімдеді.

Бұдан бөлек Сатпаев даңғылы 6 жолаққа дейін кеңейтілсе, Ахмер кентіне апаратын жолды да күрделі жөндеу күтіп тұр.

 Осыған дейін қала тұрғындары Ахмер кентіне апаратын Ертіс көпірі аралығындағы 2 шақырымға жуық жол сапасыз екендігін айтып, шағымын білдірген.

Көктемде жолда пайда болған шұрық-шұрық тесіктер көлік қозғалысына қиындық тудырса да, жолды жөндеу туралы сұрақ көпшілікті мазалап келген болатын.

 «Қазірде аталған жол бөлігін жөндеу үшін мемлекеттік байқау жарияланды. Ол бөлік тек күрделі жөндеуден өтіп қана қоймай, кеңейтіледі», – деді Қуат Тумабаев.

Сондай-ақ, көлік кептелісінің алдын алу мақсатында Сатпаев даңғылы 6 жолаққа дейін кеңейтіледі. Ал Славский ат. жағалаудың Даңқ мемориалынан Әуезов даңғылымен қиылысына дейінгі жөнделеді. Аталған жобалар келер айда басталып, 2018 жылы өз соңына жетеді деп күтілуде.  

 

Барлық жаңалықтар