- Басты
- Жаңалықтар
- ASTANA ART FEST биыл келушілерді таң қалдырмақ (ФОТО, ВИДЕО)
ASTANA ART FEST биыл келушілерді таң қалдырмақ (ФОТО, ВИДЕО)
ASTANA ART FEST – халықаралық өнер фестивалі, Қазақстандағы ғылым мен өнердің көптеген бағыттарын біріктірген жаңа халықаралық форматтағы арт-фестивальдардың бірі. Бұл ғалымдар, сәулетшілер, дизайнерлер, музыканттар, бишілер, әртістер мен әдебиетшілер қоғаммен өзара іс-қимыл жасайтын бірегей кеңістік.
«Біз ASTANA ART FEST фестивалін осымен үшінші рет өткізіп жатырмыз. Байқауға қатысуға әлем бойынша әр түрлі суретшілердің, сәулетшілердің және т.б. өтініштерін қабылдаймыз, биыл 168 өтініш келіп түсті. Бұл алдыңғы екі жылға қарағанда екі есе артық. Үшінші фестиваль ең ауқымды, оған Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония және басқалары сияқты 10 ел қатысатын болады. Объектілер мен қатысушылардың саны - 70. Егер өнер фестивальдарының халықаралық практикасында бір бағыт қана болса, бізде заманауи өнер, сәулет, театр, шоу және музыка – барлығы біріктірілген. Биыл арт фестиваль аясында урбан шоу да өтетін болады. Astana Art Fest философиясы – адамзат игілігі үшін идеялар, шығармашылық энергия, тәжірибе, білім алмасу. Сол себепті фестивальдің барлық іс-шаралары көрермендерді болып жатқан мағынаға толы оқиғаларға тартуға арналған. Бұл Қазақстандағы ең ірі мәдени жоба», - деп түсіндірді ASTANA ART FEST PR-менеджері Альбина Бунеска.
Astana Art Fest 2017 ашылуы – бұл өнер түрлерін шынайы көрінісінде іске асыру. Көрермендерді жарық және от шоуы, фестиваль үшін арнайы әзірленген бірегей хореографиялық нөмірлер, осы уақытқа дейін ресми түрде ашылған бірқатар арт-объектілер күтіп тұр.

«Фестиваль уақытында қалалық желекжол көрме алаңына және қатысушылардың көрермендермен шығармашылық қарым-қатынас жасау орнына айналады. Көрермендерге биылғы фестивальдің негізгі идеясы аллегориялық түрде ұсынылмақ. Фестивальдің ашылуына арналған ауқымды тетрландырылған шоу ашық аспан аясында сағат 20.00-де басталып, 90 күнге созылады. Іс-шараға тегін келіп, тамашалауға болады. 17 маусымда фестивальдің ресми ашылуы өтіп, онда хедлайнерлердің жұмысы ұсынылады – объектілердің 70%-ы. 6-7-8 шілдеде фестиваль өтеді, көрермендер біздің мемлекеттік және тәуелсіз театрларымыздың үлкен театрлық бағдарламасын тамашалай алады», - деп ақпараттандырды А.Бунеско.
Ашылу шарасының кураторы, театр продюсері, «Откровение» орындаушылық өнер халықаралық фестивалінің директоры (Алматы қ., Қазақстан) Ольга Султанова фестивальдің тұжырымдамасы жайында айтып берді.

«Nomad Energy фестивалінің тұжырымдамасын ашу үшін біз театрландырылған шоу ұйымдастырамыз, бұл «Көшпелілер жолы» деп аталатын би спектаклі. Бұл спектакльді екі режиссер қояды: би бөлімінің қоюшы-режиссері украиналық Андрей Еремин және грамматикалық перформативті бөлімінің театрлық қоюшы-режиссері, Қазақстанның «ARTиШОК» алғашқы тәуелсіз театрының негізін қалаушы және бас режиссер Галина Пьянова. Бұл би және театр элементтерін біріктіретін шоу, осы арқылы біз фестиваль тұжырымдамасы туралы айтып бермекпіз», - деп атап өтті О. Султанова.
Сондай-ақ, ол жобаның хедлайнерлері туралы да айтып берді.

«Фестиваль хедлайнерлері – суретшілер. Бұл заманауи өнердің бір бөлігі, яғни фестивальдің жеке бағыты. Хедлайнерлерге келетін болсақ, бізбен бірге шараның ашылуына от мүсіншілерінің бірі Арагорн Дик Рид қатысады. Ол от металл құрылымдарын жасайды, оның ASTANA ART FEST үшін арнайы дайындалған арт-объектісін біз шоуда пайдаланатын боламыз. Нақты шоуға келетін болсақ, режиссерлердің кәсіби тобынан басқа, көшпелілер партиясын ҚР-ның еңбегі сіңген балет әртісі Жандос Әубәкіров орындайды. Шоуды қою үшін AriZona show performance group би ұжымы шақырылды. Тағы бір айта кетерлік хейдлайнер бұл DUNDU алып қуыршақтар неміс театры, ол шоудың шарықтау шегі болмақ. Бұл олардың Қазақстанға алғаш рет келуі және ол бірегей шоу болмақ. Сондай-ақ, Стивен Сигал да хедлайнер болып табылады. Ол да өз объектілерін ұсынбақ, мысалы эко-чемодан, алайда, шоуға ол қатыспайды», - деп хабарлады О. Султанова.

Еске сала кетейік, ART FEST тарихы 2015 жылдан бастау алады, бұл кезде Астана қаласының «Нұрлыжол» желекжолында алғаш рет көркем сурет көрмесі мен сәулет жобалары, театрландырылған шоу мен көріністер, музыкалық өнер, мультимедиялық көрмелер, шығармашылық шеберлік сағаттарына арналған алаңдар жасалған болатын.
ASTANA ART FEST Астана қаласы әкімдігінің қатысуымен ұйымдастырылып отыр және бүгінгі таңда елімізде өнер саласын дамытудың ең перспективалы әдістерінің бірі болып табылады.
Қайрат Жандыбаев
ФОТО: Арман Мұхатов
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Astana Hub: Invest Day-ге өтінім қабылдау басталды