- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Ұлттық ұлан туралы заңды іске асыру мәселелерін талқылады
Сенаторлар Ұлттық ұлан туралы заңды іске асыру мәселелерін талқылады
Сенаторлар әскери бөлімнің материалдық техникалық жағдайымен, әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршілігімен, қару-жарақ және байланыс құралдары көрмесімен, сондай-ақ жедел мақсаттағы бригаданың және «Бүркіт» арнайы отряды жеке құрамының жабдықталуымен танысты.
Сенаттың ақпараты бойынша, Комитеттің көшпелі отырысы барысында Ұлттық ұланның қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы туралы» заңды іске асыру мәселелері бойынша баяндама жасады.
Елбасының шешімімен құрылған 5573 әскери бөлім Елордадағы қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге арналған.
Әскери қалашықтың инфрақұрылымы жеке құрамның кәсіби шеберліктері жоғары деңгейде болуына мүмкіндік береді. Онда техникалық қызмет көрсету орындарымен жабдықталған автомобильдік парк, әскерилердің дене шынықтыруына мүмкін жағдайлардың барлығы қарастырылған екі қабатты спорт кешені мен заманауи үлгіде жабдықталған мультимедиялық нысана көздеу тирі бар. Сонымен бірге стадион, спорттық және оқу ғимараттары, 60 орындық лазарет және 100 орындық амбулаториялық емдеу мекемесі бар.
Әскери қалашықта офицерлер мен келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері үшін 104 пәтерлі тұрғын үй салынды.
Көшпелі отырыс барысында сенаторлар Ұлттық ұлан туралы заңды жүзеге асырудың өзекті тұстары мен әскерилерді әлеуметтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді талқылады.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды