- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық экономика министрлігі АДБ-мен басым жобалар бойынша ынтымақтастыққа дайын
ҚР Ұлттық экономика министрлігі АДБ-мен басым жобалар бойынша ынтымақтастыққа дайын
Тараптар Азия даму банкінің Қазақстан үшін 2017-2021 жылдарға арналған әріптестік стратегиясының мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, қаржылық институттың елімізді «Даму мақсатындағы әріптестік» бастамасы аясындағы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі қолдауы, білім саласындағы және аймақтық білім орталықтарын құрудағы әріптестіктің келешегі, сондай-ақ әріптестік туралы шекті келісім аясындағы жобалар; нәтижеге бағдарланған Жолдарды күтіп ұстау бойынша, МЖӘ компонентін пайдалану арқылы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қолдау бойынша мәселелер қозғалды.
Айта кетерлігі, Қазақстан АДБ-іне ҚР 2001 жылғы 6 желтоқсандағы №264 «Қазақстан Республикасының ХВҚ, ХҚҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ИДРХО, ЕҚДБ, АДБ, ИДБ мүшелігі туралы» заңы арқылы қосылғанын атап өтейік. Қазақстанның АДБ-мен ынтымақтастығы сәтінен бастап 1994 жылдан бүгінгі уақытқа дейін Банк 4,6 млрд.АҚШ долл. сомасындағы 30 үкіметтік қарыз, 455 млн.АҚШ долл. сомасындағы 8 жеке сектордағы мемлекет кепілдігінсіз қарыз, 38 млн.АҚШ долл. сомасындағы 586 техникалық көмек жобасы ұсынылған. Өткен жылдың қорытындысында АДБ-нің 5 жобасының активтік қоржыны 1 млрд. АҚШ долл. астам қаржыны құрады.
АДБ 1966 жылы құрылды және халықаралық қаржылық даму институты болып табылады. Банктің мақсаты – Азия және Қиыршығыстық аймақтағы экономикалық дамуға, сондай-ақ аймақтағы дамудағы мүше-мемлекеттердің экономикалық дамуын жеделдету үдерісіне жәрдемдесу. 2009 жылғы сәуірде АДБ акционерлері АДБ-інің жарғылық капиталын 55 млрд.АҚШ долларынан 165 млрд.АҚШ долл. дейін ұлғайтуға шешім қабылдады. Бұл АДБ тарихындағы капиталды ең үлкен ұлғайту болып табылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері