- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкенттегі МӨЗ шілдеден бастап жоғары октанды бензин өндіруді бастайды
Шымкенттегі МӨЗ шілдеден бастап жоғары октанды бензин өндіруді бастайды
Кәсіпорын мұндай мүмкіндікке еліміздегі Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасының аясында қол жеткізіп отыр. Жаңғырту жұмыстарының негізінде зауыт жылына 4 мың тонна күкірт шығаруға қауқарлы болады. Мұнай өнімдерін саңлаусыз құю кешенінің де құрылысы аяқталған. Нәтижесінде зауыттағы жанармай мен дизель отынының сапасы Еуро-4 және Еуро-5 стандартына сәйкестендірілмек.
Ал, жаңғырту жұмыстарының екінші кезеңінде зауыттың өнім шығару көлемін жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізу және мұнай өңдеу тереңдігін 80 пайызға дейін көбейту көзделіп отыр. Жоба толық жүзеге асқан кезде еліміздегі мұнай өңдеу зауыты әлемдік талаптарға толық жауап беретін жоғары технологиялы ірі өндіріс орнына айналатын болады.
"Стратегиялық маңызы бар жобаны «Қазақстанның Даму Банкі» қаржыландырып отыр. Яғни банк пен зауыт арасындағы келісімге сай қайта жөндеу жобасын қаржыландыру үшін несие желісі ашылған болатын. 13 жылға дейінгі мерзімге берілген несиенің жалпы сомасы 932 млн АҚШ долларын құрайды. Жалпы құны 1,9 млрд АҚШ доллары болатын жоба индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылуда", - делінген хабарламада.
Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта жөндеу екі кезеңмен жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде Кеден одағы елдерінде қабылданған К4 және К5 (Еуро-4 және Еуро-5 баламасы) экологиялық класты бензин мен дизель отынын шығаруды реттеу жоспарланған, екінші кезеңде мұнай өңдеу тереңдігін, сондай-ақ қуатын жылына 5,250 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
ІІМ-нің Жоғары оқу орнына түсу талаптары қандай -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Қазақстанда жанар-жағармай бағасының өсуіне әсер еткен факторлар қандай -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады -
COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды -
Мұнай өндірудің қысқаруы, жылдық инфляцияның баяулауы және әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштері