- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев - балаларға: Астана қаласы сендер үшін салынды
Н.Назарбаев - балаларға: Астана қаласы сендер үшін салынды
«Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында өткен салтанатты рәсімге сонымен қатар мектеп олимпиадалары мен спорт жарыстарының жүлдегерлері, балалар үйінің тәрбиеленушілері, оқу озаттары, елдің барлық өңірінен келген дарынды және қабілетті өрендер қатысты.
Елорданың 15 жылдығы құрметіне балалар мерекелік концерт әзірлеп, онда еліміздің республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпаздары, сондай-ақ Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанның жас бишілер ұжымдары өнер көрсетті.
Іс-шараға қатысушы жас өрендерге арнаған сөзінде Қазақстан Президенті Астананың соларға арнап салынғанын атап өтті.
«Астана небәрі 15 жасқа толды. Бұл қала сендердің қатарластарың деуге болады, сендермен бірге ол өсіп-өркендей береді. Ержеткен соң сендер елордамыздың құрылысын жалғастырасыңдар, ол бұдан да көрікті бола түседі. Қалада жетекші оқу орындары, демалыс орындары орналасқан, айналасында «жасыл белдеу» орнатылған. Осының барлығы сендердің бақытты болашақтарың үшін жасалды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңынан Мемлекет басшысы баршаға табыс, бақыт және игілік тіледі.
Мерейтойлық торттың салмағы 600 келіден астам, 4х4 өлшеміндегі төртбұрышты пішінде. Оның жиегін айналдыра Астананың көрнекті нысандары мен сәулетті орындарының кескініндегі әшекейлер қойылған, ал ортасына биіктігі 1,2 метрлік «Бәйтерек» монументінің мүсіні орнатылған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді