- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Дүниежүзілік донорлар күнін атап өтті
Қазақстанда Дүниежүзілік донорлар күнін атап өтті
Аталған іс-шара ваның, ДДСҰ және астананың жетекші медициналық ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.
«Донорлық - өзіңнің қаныңды таныс емес, оған мұқтаж адамға және оның өмірін құтқаруға сыйлайтын ерекше мүмкіндік. Бүгін әрбір елдің алдында қауіпсіз донорлардан ұлттық қажеттігімізді қанағаттандыратын жеткілікті қан алу міндеті тұр. Олар қанның ерікті өтеусіз доноры, яғни, Сіздер, құрметті біздің донорлар. Сонымен қатар сіз алатын жалғыз сыйақы, ол жеке қанағаттандыру, өзін өзі құрметтеу және мақтаныш», -деп атап Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
Жыл сайын 260 мыңнан аса адам республиканың қан орталығына қан тапсыруға келеді. Донорлардың қайта қайта келуіне біз жоғары жағдай жасауға тырысамыз.
Соңғы 10 жыл ішінде қан қызметі реформаның үлкен жолдарынан өтті, соның арқасында қазір Қазақстанның қан қызметі дамыған елдерден еш қалыспайды. Әрбір облыс орталықтарында сапалы құралдармен жабдықталған заманауи қан орталықтары жұмыс жасайды. Донор қандарын зерттеу толықтай халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Трансфузиялық терапияның инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін арттыру үшін лейкофильтрлеу, вирустық инактивация, қан компоненттерін сәулелендірудің жаңа технологиялары енгізілді.
Осы шаралардың барлығы халыққа сапалы медициналық қызметтің теңдей және әділетті қол жеткізу үшін республикалық қан орталықтары болсын, сондай-ақ облыстық қан орталықтары болсын барлығын мемлекет қаржыландары» - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Іс-шара шеңберінде астананың құрметті донорлары «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, алғыс хаттармен марапатталды және естелік сыйлықтар алды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 14 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қан донорлар күнін атап өтеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті