- Басты
- Рихард Шенц: Австрияның павильоны негізінен отбасыларға бағдарланған (ФОТО)
Рихард Шенц: Австрияның павильоны негізінен отбасыларға бағдарланған (ФОТО)

«Австрия Үкіметінің ЭКСПО-2017 бойынша комиссары және Австриялық-қазақстандық қоғам президенті ретінде біз өз павильонымызды әлем бойынша жаңа технологияларды дамытатын тұғырнама ретінде пайдаланатынымызды атап өткім келеді. Австрия өзін көптеген жоғары технологиялары бар ел және Қазақстан үшін күшті, сенімді, экономикалық әріптес ретінде танытады. Біз осы тұғырнаманы «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бойынша ең озық технологияларды ұсыну және қонақтарды елімізбен таныстыру үшін пайдаланбақпыз», - деді Р. Шенц.
Австрия павильоны негізінен отбасыларға бағдарланған.
«Біздің павильонымыздың мақсаты энергия тақырыбын ойын түрінде ұсыну. Біз өз павильонымызды негізінен отбасыларға арнадық. Сондай-ақ, жаңа экономикалық өзара қарым-қатынастар құрып, қолданыстағы бизнес-байланыстарды нығайта алатын экономикалық бағдарлама ұсынамыз», - деп қосты Р. Шенц.
Рихард Шенц ақпараттандырғандай, Австрия ЭКСПО көрмесі аясында қосымша іс-шаралар ұйымдастырады, солардың бірі 4 шілдеде өтетін Технологиялар күні.
Негізгі тақырыптар – гидроэнергетика, күн энергетикасы және Smart city интеллектуалды қаласы.
«Энергия тиімділігі тақырыбына ерекше назар аударғым келеді, себебі бұл энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Австрия барлық әлемде «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бойынша жетекші рөл атқарады. Осы технологиялар қоршаған ортаның ластануын төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді. Әрбір 20-шы орын жасыл энергиялар саласына келеді. Қазақстан экспорттық әлеует бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орынды алады», - деп атап өтті Комиссар.
Р. Шенцтің хабарлауынша, соңғы он жыл ішінде Австрияның Қазақстанға экспорттық көрсеткіші 220 млн еуроға ұлғайған.
Еске сала кетейік, бүгін ЭКСПО көрмесінде Австрияның Ұлттық күні өтуде, оның барысында Қазақстан-Австрия форумы өтпек.
Ақбота Күзекбай
Фото Абзал Қалиев
-
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді
-
Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері өзгерді
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)
-
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО)
-
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)
-
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО)
-
Елордадағы инфекциялық аурухананың құрылысы қалай жүріп жатыр (ФОТО)
-
Карантин құрсауындағы қала (ФОТО)
-
Нұр-Сұлтан қаласында 30 мың медициналық маска тегін таратылып жатыр (ФОТО)
-
Елорда жаппай дезинфекцияланды (ФОТО)
-
Елордада АӘК алатын отбасыларға азық-түлік пен тұрмыстық-химиялық заттар берілуде
-
Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр (ФОТО)

