- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан судьялары Минскте өткен Заңгерлер одағының IX-съезінің жұмысына қатысты
Қазақстан судьялары Минскте өткен Заңгерлер одағының IX-съезінің жұмысына қатысты
Съезд жұмысына Беларус Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілі, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен заңгерлер, шет елдердің бірқатар заңгерлері мен судьялары қатысты.
Форумда сөйлеген сөзінде Мұсабек Тұрғынбекұлы екі елдің құқықтық қауымдастығы арасындағы сындарлы және жемісті ынтымақтастық бар екенін атай келе, осы іс-шараға шақырғаны үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, ол қатысушыларға Қазақстандағы мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңі, әсіресе конституциялық реформа аясындағы сот жүйесі, сот ісін жүргізу және сот төрелігі мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың енгізген ұсыныстары туралы ақпаратымен бөлісті.
М.Әлімбеков біздің елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасы, соның ішінде судьялыққа кандидаттардың жас ерекшеліктері мен еңбек өтілі бойынша талаптардың күшейтілуіне, үш сатылы сот жүйесіне көшу жөніндегі мәселелер және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мәртебесін және кассациялық функцияларын беру жөніндегі өзгерістер туралы айтып берді.
Қазақстан Судьялар одағының төрағасы инвестициялық даулар бойынша жеке сот ісін құру, Жоғары Сот Кеңесінің құрамы мен өкілеттілігін кеңейту туралы айта келе, реформа сот жүйесін дамытуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау сапасын арттыруға, судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталғандығын атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру