- Басты
- Жаңалықтар
- Еңбек нарығын жаңғырту аясында электронды еңбек биржасы жұмыс істейді
Еңбек нарығын жаңғырту аясында электронды еңбек биржасы жұмыс істейді
Еңбек нарығын жаңғырту шеңберінде, министрлік тарапы барлық бос жұмыс орындары мен елдімекендерді қамтитын электрондық Еңбек биржасы түріндегі біртұтас онлайн-алаң құруда.
Электрондық Еңбек биржасы бірыңғай әлеуметтік-еңбек саласы жүйесін, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін, жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің, интернет порталдардың деректер қорын өзіне шоғырландырмақ. Биылғы күз айларында қызмет ете бастайтын биржаның өңірлердегі барлық жұмыспен қамту орталықтарын байланыстыру арқылы өрісі ұзара түспек.
Жергілікті жерлерде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары жалғасын тауып, соның арқасында 2016 жылы 474 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылды. Бұл тұста жартысынан көбі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды (255 мың адам).
"Болашақ бағындырар басты белестердің бірі - Қазақстан экономикасын білікті әрі бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету болып саналады. Бұл стратегиялық қадамдар аясындағы негізгі бағыттардың қатарында жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған азаматтарға тегін кәсіп алуға мүмкіндік туғызатын оқыту мәселесіне ерекше назар аударылады. Осылайша, біз, ұзақ мерзімде орнықты даму, қысқа уақыт аралығында қазірдің өзінде жұмыссыздық деңгейін қысқарту сынды бірнеше түйткілдің күрмеуін тарқатамыз", - деп атап өтті ведомство басшысы.
Осы орайда, ағымдағы 2017 жылдың қыркүйек айында 21 мың қазақстандық азамат, шәкіртақы төлеу мен біржолғы ыстық тамақпен қамтуды қосқанда, 2,5 жылға колледждердегі тегін оқуға жіберілмек. Сондай-ақ, қала сыртынан қатынайтындарға жол мен тұру шығынын жабуға да қаржылай көмек ұсынылатыны жоспарланып отыр. Тағы 26 мың адам қысқа мерзімдегі курстарда көкжиегін кеңейтпек. 5 өңірде пилоттық тәртіпте (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстары) шалғай елдімекендерде тұрып жатқан жандарды оқыту үшін мобильді оқу орталықтары қолданылмақ.
«Оқу шараларынан тыс, Еңбек мині өзін жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарға шағын несиелеуді қолжетімді етіп, кәсіпкерлік негіздеріне үйретпек. Сонымен қатар, жекелеген азаматтар санатын жұмысқа орналастыруда атаулы қолдау жағы күшейіп, еңбек ресурстарының ұтқырлығы көтерілмек және еңбек нарығының инфрақұрылымы кең қанат жаятыны күтілуде», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда уақытша мемлекеттік қолдаудың саналуан сипаттарымен 77 мың адам қамтылған. Мәселен Қазақстанның солтүстік облыстарына қоныс аударған 672 отбасыға (2019 адам) еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыру бағдарламасы бойынша көш, баспана жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу мақсаттарына субсидия қарастырылған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды