- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда қытай киносы күндері қалай өтіп жатыр
Алматыда қытай киносы күндері қалай өтіп жатыр
Қытай кинематографистерін «Қазақфильмнің» Эксперттік кеңес тең төрағасы Бекболат Шекеров және қазақ киносының мэтрлері Асанәлі Әшімов, Сатыбалды Нарымбетов және де қазақстандық кинематографистері қарсы алды.
Қытайдан келген қонақтарға киностудия аумағында экскурсия жасалды, оларға «Қазақ хандығы» сериалының декорациясы, түсірілім алаңдары, костюм қоймасы, таспа-зертханалық кешені көрсетілді. Сондай-ақ қонақтарға қазір өндірісте жүріп жатқан «Мұзбалақ» толық метражды анимациялық фильмінің трейлері көрсетілді. Экскурсия соңынан дөңгелек үстелде бірлесіп жұмыс жасау туралы мәселелері талқыланды.
««Қазақфильм» киностудиясына қонақтап келгендеріңізге қуаныштымыз. Өзіңіз білетіндей, 9 маусым күні Қытай баспасөз, кино, радио және телекөрсетілім мәселелері бойынша мемлекеттік әкімшілік пен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігі арасында кино өндіріс саласы бойынша Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжат бойынша біздің мемлекеттердің киноматографистері бірлескен жобалар жасауға мүмкіндік алады», – деді «Қазақфильмнің» Эксперттік кеңесінің тең төрағасы Бекболат Шекеров.
«Қазақфильм» киностудиясында «Композитор» атты Қазақстан-Қытай бірлескен жобасын іске қосылды.
«Бізге тарихы мол киностудияны көруге мүмкіндікті бергендеріңіге алғыс білдіреміз. Және біз бірлескен жобалар туралы сіздердің ұсыныстарыңызды қарастыруға дайын екенімізді атап өткім келеді», - деді ШҰАА ақпарат, баспасөз және телерадио басқарма басшысы Уан Шычен.
Дөңгелек үстел барысында әріптестер Қазақстан мен Қытай кинематографиясындағы мәселелер мен жетістіктер туралы пікір алмасты. Кинодраматург Нұрлан Санжар қытайлық әріптестеріне Жібек жолы туралы жоба жасауға ұсыныс тастады. Осы мезетте ұлты қазақ қытайлық актер Данияр Толқын «Қазақфильмнің» «Тұмар» кинокартинасының кастингіне қатысып үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 10 маусымында Алматы қаласында Қытай кино фестивалі аясында «Kinopark 11 IMAX 3D» кинотеатрында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы киносы күндерінің салтанатты ашылуы болды.
Шараның ұйымдастырушылары: ШҰАА ақпарат, баспасөз және телерадио басқармасы, Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігі және Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы.
Осы іс-шараның негізгі мақсаты кинематография саласындағы екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ қытайдың қазіргі киносымен қазақ көрермендерін таныстыру.
Шыңжаң кино күндері ашылуында «Ақшаның әлегі» кинокомедиясы көрсетілді. Сондай ақ, іс-шара аясында 15 мен 28 маусым аралығында тағы да үш кинокартина көрсетіледі: «Арман асуы» (реж. Су Лей); «Гүлбике» және «Шынайы махаббат» (реж. Шерзат Яқұб).
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр