• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанадағы жәрмеңкеде 3 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері сатылады

Астанадағы жәрмеңкеде 3 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері сатылады

14 Маусым, 2017 11:27
Алдағы демалыс күндері, 17-18 маусым, «Қазақстан» спорт сарайының тұрақ алаңында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады elorda.info.

Бұл жолы үш мыңнан астам көкөніс, ет, сүт балық, шұжық өнімдері, сұйық май және өзге де көптеген тауарларды Алматы, Атырау, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер елорда тұрғындарына арзан бағамен саудалайды.

Жәрмеңкеге 151 отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына үшоблыстың шығармашылық өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынады.

 

Барлық жаңалықтар