- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Дүниежүзілік ядролық университеттің оқыту семинары өтуде
Астанада Дүниежүзілік ядролық университеттің оқыту семинары өтуде
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Дүниежүзілік ядролық университет (ДЯУ) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде ұйымдастырылған шара ядролық саладағы зерттеулермен байланысты білім беру мен кәсіби кадрлар дайындауды мақсат еткен.
«Бүгінгі Қазатомөнеркәсіп – уран өндірісі ғана емес, сонымен бірге үлкен ғылым. Соған байланысты кадрлар даярлау біз үшін аса маңызды іс. Біз атом саласына арнап мамандар дайындайтын еліміздің жетекші оқу орындарымен келісім жасадық. Жуырда Алматыда Атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-оқу орталығын аштық, бұған көптеген елдер қызығушылық танытып отыр. Сол себепті Дүниежүзілік ядролық университеттің мәртебесі, халықаралық сарапшылар тәжірибесі біз үшін үлкен маңызға ие», - деді Бауыржан Ыбыраев.
Шараға ғылыми жұртшылық, ірі уран компанияларының қызметкерлері қатысып отыр. Спикер ретінде Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтан Шах Наваз Ахмад пен Джонатан Кобб, MZ Консалтингтен Милтон Каплан, Аргентинаның ядролық реттеу органы өкілі Абель Гонсалез және Exelon Nuclear Partners аға вице-президенті Амир Шакарами сияқты халықаралық сарапшылар шақырылған. Баяндамашылар ядролық энергетиканың қазіргі жайы мен жаһандық перспективалары, технологиялар, қауіпсіздік және әлемдік энергетика нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар жайлы әңгімеледі.
Джонатан Кобб БҰҰ-ның болжамдарына сүйене отырып, адамзатты үлкен урбанизация күтіп тұрғанын, бұл электр энергиясына сұранысты сөзсіз арттыратына тоқталды.
Айта кетейік, ДЯУ алғашқы оқу курсын 2007 жылы ҚХР-да өткізді. Қазірге дейін ұйымдастырылған мұндай 37 курсқа (Аргентина, Бразилия, Қытай, Иордания, Малайзия, Моңғолия, Румыния, Сингапур, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея және Түркия, т.б. елдерде) 3500-дей адам қатынасқан.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
Қашықтан оқытудың әлемдегі қарқыны -
Білім және ғылым министрлігі: Мұғалім мәртебесі, жалақы, оқулықтар сапасы, ҰБТ, ЖОО лицензиялары -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Аятжан Ахметжанұлы: Қашықтан оқытудың ауыртпалығы ата-анаға түсіп отыр