- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығын дамыту бағытында резервтік талдау жасау жүргізіледі
Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығын дамыту бағытында резервтік талдау жасау жүргізіледі
Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы туралы облыс әкімінің орынбасары, МЭК жұмыс тобының төрағасы Рақымбек Әміржанов баяндады.
«2017 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2 млрд. тенге сомасына өндіріліп, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі-105,9% құрап отыр. Ірі қара мал – 21,1% (19,9 мың басқа),қой мен ешкі – 4,7% (526,5 мың басқа), жылқы – 10,2% (84,6 мың басқа), түйе – 7,9% (63,2 мың басқа) өскені байқалады», - деп айтты Рақымбек Әміржанов.
Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлағандай, таныстырылым барысында кәсіпкерлер жобаларды іске асыру кезінде туындаған мәселелерін алға тартты. Ол негізінен инфрақұрылым, яғни су, газ, электр қуаты, сондай-ақ субсидиялау мәселелері болды. Жобаларды талқылау барысында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашевке 3 күннің ішінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мәселелері бойынша кеңес өткізу, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржановқа барлық туындаған мәселелер бойынша қызметтік тексеру жүргізіп, мәселені шешу туралы нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар облыстың қалалары мен аудандарының ауыл шаруашылығын дамыту бағытында резервтік талдау жасау тапсырылды.
«Агроөнеркәсіптік кешен – бұл қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі. Ауыл шаруашылығын дамытуға аса зор мән беріліп, еліміздің барлық деңгейінде қолдау көрсетіліп келеді. Маңғыстау өңірі үшін азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі көкейкесті болып тұр. Агроөнеркәсіптік кешеннің өнімдеріне қажеттілік бар. Ауыл шаруашылығын және аймақтағы АӨК дамыту әбден дәлелденген. Біз инвесторлар іздейміз, ал жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетті мүмкіндіктері мол. Біз сіздердің әрбір ұсыныстарыңызды қарауға және жобаларыңызды іске асыруға қолдауға көрсетуге дайынбыз», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Кездесу барысында бизнес өкілдері келелі мәселелер көтеріп, аймақтың ауыл шаруашылығын дамыту бойынша нақты ұсыныстар берді. Мәселен, АӨК дамыту бойынша оқу орталығын құру, тамшылатып суару механизмін жақсарту, жүнді қайта өңдеу, жүнді ірі өңдеу және етті өңдеу, құдықтарды дамыту.
Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімі Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдар басшыларына, қалалар мен аудандар әкімдеріне ұсынылған және олардың аумағында іске асырылып жатқан жобаларды жеке бақылауына алуды және аталмыш жобалардың сәтті іске қосылуына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді