- Басты
- Жаңалықтар
- ТМРА басшысы: ШОБ субъектілерінен монополистердің кез келген бас тартуы олардың заңдылығын қайта тексереді
ТМРА басшысы: ШОБ субъектілерінен монополистердің кез келген бас тартуы олардың заңдылығын қайта тексереді
Сондай-ақ ТМРА басшысы оларға қуаттылығы аз субъектілердің қызметіне тексерулер санын барынша қысқартуды, тексерулер жүргізбестен тұтынушылар мен монополистер арасындағы шиеленісті жағдайды шешу мүмкіндігін көздеп, жоспардан тыс тексерулерді белгілеу практикасын қатайтуды тапсырды.
«Жыл соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін оларды жеке топқа бөле отырып тарифті төмендету мәселесін қарауымыз қажет», - деді ол.
Монополистік қызмет бүкіл кәсіпкерліктің мүдделерін тікелей қозғайтындығын және қызмет берушілердің тарапынан олардың құқықтарын бұзу жедел ден қоюды талап ететіндігін түсінген жөн.
Осыған байланысты табиғи монополия қызметіне уақтылы қосуға бақылауды күшейту тапсырылды. «шағын және орта бизнес субъектілеріне техникалық шарттар беруге немесе қосымша қуаттарға қосылуларына кез келген бас тартуды олардың негізділігі мен заңдылығы мәніне мұқият қайта тексеру қажет», - деп атап өтті ол.
Бұдан басқа Агенттік төрағасы электрмен жабдықтаудың қолданыстағы жүйелерінің бірқатар проблемалық мәселелерін атап өтті. Бұл энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың олардың іс жүзіндегі шығындарымен келісілген елеулі айырмашылықтары фактілері, ол 2012 жылы 3 млрд. теңгеден астам негізсіз табыс алуға алып келді.
Сондықтан аумақтық департаменттер басшыларына энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың баға белгілеуін тәртіпке келтіру және бір айлық мерзімде тұтынушыларға келтірілген залалдарды өтеу тапсырылды.
Кеңесте сонымен қатар реттелетін нарық субъектілерінің қызметін лицензиялау және бақылау мәселелері, 2013 жылға арналған инфляцияға реттеліп көрсетілетін қызметтердің үлесі және 2014 жылға болжанып отырған үлесі, облыстар бөлінісінде жылудың үйге ортақ есептеу аспаптарын орнату серпіні, сондай-ақ жылу желілерін жаңғыртудың кешенді жоспарының жобасы қаралды.
Соңында, Мұрат Оспанов Индустрияландыру картасының объектілерін іске қосу бойынша жақындағы жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда