• Басты
  • Жаңалықтар
  • Стандарттау процесінің операторы ретінде Ұлттық стандарттау органы болады

Стандарттау процесінің операторы ретінде Ұлттық стандарттау органы болады

14 Маусым, 2017 09:23
Стандарттау процесінің операторы ретінде заң жобасымен жүйеге Ұлттық стандарттау органын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткізілген баспасөз конференцияда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дугалов мәлімдеді.

«Аталған заң жобасын қабылдау стандарттау саласында қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу үшін жағдай жасау, халықаралық модельге негізделген ұлттық стандарттау жүйесін құру, ұлттық стандарттар рөлін арттыру, өнімдер, процестер мен қызметтер сапасының артуы үшін жағдай жасау, инновациялар енгізілуі мен технологиялар трансфертін ынталандыру, сондай-ақ ішкі және сыртқы рыноктарда ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру сияқты оң құқықтық, әлеуметтік-экономикалық салдарларға жол ашады», - деп атап кетті Комитет төрағасы.

ЕАЭО және ДСҰ-мен бекітілген шарттар шеңберінде техникалық реттеу мен стандарттау әкімшілік аспап ретінде түрлі заңнамалық актілермен, міндетті салада «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы арқылы, сондай-ақ ерікті салада таныстырылып отырған «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы арқылы регламенттелуі тиіс.

Стандарттау процесінің операторы ретінде заң жобасымен жүйеге Ұлттық стандарттау органын енгізу жоспарланып отыр.

Заң жобасын әзірлеушілердің сарапшылармен, халықпен, бизнес-қоғамдастықпен және Парламент депутаттарымен пікір алмасу тиімділігі атап кетілді.

Ағымдағы жұмысқа жүргізілген талдау барынша жиі қойылатын сауалдар арасында стандарттаудың мақсаттары, қағидаттары, стандарттау субъектілерінің құзыреті мен өзара әрекет ету процедуралары айқын белгіленген ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастырумен байланысты мәселелер алаңдататынын көрсетті.

Барлық жаңалықтар