- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі байланыстырушы буын - Қ. Тоқаев
Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі байланыстырушы буын - Қ. Тоқаев
Қонақты қарсы алған Қ. Тоқаев біздің мемлекеттеріміздің арасына дипломатиялық қатынастар орнаған 25 жылдан бері жоғары деңгейдегі сенімді диалог қалыптасқанын, парламенттер, үкіметтер және іскерлер қауымдары арасындағы байланыстар дамып келе жатқанын атап өтті. Сенат спикері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін Грузияға алғыс айтты және осы елдің ұлттық павильонының жұмысы табысты болуына тілектестігін білдірді.
Қ. Тоқаев грузин басшысына арнаған сөзінде парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға назар аударды және екі елдің заң шығару органдарында жұмыс істейтін достық топтарының әлеуетін үдете түсуге шақырды.
Әңгіме барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
«Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағытындағы бірінші ел бола отырып, Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан біз үшін іс жүзінде транзит-көлік саласындағы ынтымақтастық маңызды», - деді жоғарғы Палатаның басшысы.
Қ. Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Грузияның кейінгі жылдардағы дамуына жіті көз жіберіп отыр. Сенат Төрағасы осы елдің демократиялық институттарды жетілдірудегі, азаматтардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етудегі, күрделі сыртқы саяси міндеттерді шешудегі атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.
Өз кезегінде, Г. Маргвелашвили Қазақстанмен қатынастарды дәстүрлі достық сипатында екенін айта келіп, біздің мемлекеттеріміз арасында ауқымды мәселелер бойынша өзара түсіністік қалыптасқанын атап өтті. Грузия Президенті екіжақты байланыстардың негізгі мәселелерінің бірі болып табылатын парламентаралық диалогты кеңейту қажеттігін қолдады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда