- Басты
- Грузия Президенті ЭКСПО-2017 павильонын аралады (ФОТО)
Грузия Президенті ЭКСПО-2017 павильонын аралады (ФОТО)

Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили шараға қатысып, Грузияның павильонымен танысты және ЭКСПО2017-ге мемлекеттің дайындығын жоғары бағалады.
Өз кезегінде, Грузияның энергетика министрінің орынбасары Илья Элошвили салтанатты шараның ресми бөлімінде сөз сөйлей отырып, Грузияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы жаңартылған энергия көзінің маңыздылығын және аталмыш елдің транзиттік әлеуетін баса атап өтті.
«Біз Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы көпірміз. Белгілі болғандай, елде өндірілетін энергияның 80%-дан астамы жаңартылатын болып табылады. Грузия Үкіметінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуының басты себептерінің бірі бұл екі ел арасындағы нәтижелі қарым-қатынас болып табылады. Олар энергетика және экономиканың өзгеде секторымен байланысты», - деді И. Элошвили.
ҚР инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қысамыбек атап өткендей, Грузияның көрмеге қатысуы екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі және сенімділікке негізделген қарым-қатынасты дәлелдейді.
Ж. Қасымбектің хабарлауынша, 2020 жылға қарай Қазақстан экономиканың энерготиімділігін 25%-ға, ал 2050 жылға қарай 50%-ға төмендетуді көздеп отыр.
Грузия тарихы мен салт-дәстүрі өте бай мемлекет. Оның мәдени құндылықтары елдің айнасы іспетті. Грузия күндері аясында қонақтар мемлекеттің аңызға айналған орындаушылық шеберлігін тамашалай алды.
Сонымен, Ұлттық алаңның ашылуында танымал әншілер Нани Брегвадзе, Тамара Гвердцители, Эки Мамаладзе мен Тбилиси мемлекеттік оркестрі өнер көрсетті.
Атап өтер болсақ, көрмеге Грузиядан 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде.
Ақбота Күзекбай
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері
-
ҚР Президенті БҰҰ – ның 75 жылдығында сөз сөйледі
-
ВИДЕО: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі
-
Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы инфекциялық стационарды онлайн түрде аралады
-
ҚР Президентінің 2020 жылғы 29 маусым мен 5 шілде аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу
-
Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралады
-
Трамп Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтады
-
Ел президенті Тоқаев елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі
-
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың апталық жұмысына бейне шолу
-
Сенатта Денсаулық туралы кодекс жобасы қаралады
-
Шөкеев Арыстағы жаңа құрылыс алаңдарын аралады
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)
-
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО)

