- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысы ЭКСПО-да “жасыл экономика” бойынша 6 жоба таныстырады
Ақтөбе облысы ЭКСПО-да “жасыл экономика” бойынша 6 жоба таныстырады
Оның айтуынша, "Қазақстан" ұлттық павильонының "жасыл" экономика жобасын мазмұнды жəне тақырыптық жағынан толықтыруды қамтамасыз ету мақсатында өңірде əрекет етіп жатқан жəне жүзеге асырылатын "жасыл" экономика саласындағы алты жоба таңдалып алынған. Олардың қатарында "Izet greenhouse" жылыжай кешені, "Талан технолоджи" ЖШС-нің тозған шиналарды кəдеге жарату жəне еден жабындысын шығару жобасы, "Союз гранд" ЖШС қоқыс сұрыптау кешені, қуаттылығы 100 МВт болатын "Кемпірсай" жел электрлі бекеті мен инвестиция көлемі 68 млрд теңге болатын "Kimpersay energy" ЖШС, "Юнайтед энерджи Актобе" ЖШС-нің жел генераторларын шығаратын зауыты, сонымен қатар, "АРБЗ" ЖШС ағынсыз өнеркəсіп өндірісінің технологиясы бар.
“2017 жылдың 26-30 маусым аралығында Астанада көрме аясында Ақтөбе облысының күндері өтеді. Ақтөбе облысы күндерінің ашылуы ЭКСПО аумағында орналасқан амфитеатр сахнасында халықтық, шетелдік эстрада жұлдыздары мен облыстық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен "Ақтөбе - құтты мекен" гала концертімен өтеді деп күтілуде. Бұл күндері этноконцерт, облыстық кітапхананың "Ақтөбе тарих ағынында" көрмесін, камералық хор өткізу жоспарлануда”, - деді ол.
1-10 шілде күндері "Қазанат" қалалық ипподром аумағында киіз басумен, тоқумен, тігін тігумен, ағаш, зергерлік ісімен айналысатын 25 шеберден құралған қолөнершілер ауылының шығыс базары болады.
Сонымен қатар, облыс халықаралық арнайыландырылған көрмеге осы жылдың 3-31 шілде аралығында өтетін ЭКСПО-ға 100 үздік еріктіні жіберуді жоспарлап отыр.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар