- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» жобасы бойынша зымыранды ұшыру мерзімі 2022 жылға ауыстырылды
«Бәйтерек» жобасы бойынша зымыранды ұшыру мерзімі 2022 жылға ауыстырылды
Премьер-Министрдің Бірінші орынбасарының Хатшылығы хабарлағандай, А. Мамин 2016 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың РФ-ға жұмыс сапары барысында «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасына және «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және оның атқарушы билік органдарының мәртебесі мен қалыптастыру тәртібі туралы мемлекетаралық келісімнің ҚР мемлекеттік органдарының тізбесі бөлігіне өзгерістер енгізу туралы» Хаттамаға қол қойылғанын атап өтті.
«Бұл құжат стратегиялық сипатта және ұзақ мерзімді перспективада біздің ғарыш айлағын бірлесіп дамыту және пайдалану, екі ел мүддесінде жаңа ғарыш жобаларын іске асыру, сондай-ақ Байқоңыр қаласын дамыту бағыттарын айқындайды», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
Үкіметаралық комиссия мүшелері Байқоңыр кешенінің жұмыс істеуінің, бірлескен жобаларды іске асыру, атап айтқанда, «Бәйтерек» ғарыш зымыраны кешенін құрудың өзекті мәселелерін шешуді көздейтін «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру барысын талқылады.
«Бәйтерек» жобасын іске асыруды жеделдету және жаңа зымыранды ұшыру мерзімін 2025-тен 2022 жылға ауыстыру бойынша ресей тарапының ұсынысын қолдаймыз», - деді А. Мамин.
Тұжырымдама сондай-ақ Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын дамыту, қолайлы әлеуметтік-экономикалық орта, жаңа жұмыс орындарын құру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, туризмді және т.б. дамыту бойынша шаралар кешенін қамтиды. Отырыс барысында кешеннің пайдаланылмайтын нысандарын жалға алудан шығару және кәдеге асыру мәселелері қаралды. 2016 жылғы 20 желтоқсанда «Байқоңыр» кешенінің РФ пайдаланбайтын нысандарын кәдеге асыру бойынша пилотты жобаны іске асыру туралы шешім қабылданғандығы атап өтіледі.
Бұдан бөлек, тараптар Байқоңыр қаласын дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған бағдарламасы жобасын талқылады. Осы жылғы үшінші тоқсанда Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы екіжақты құжатқа қол қоюды жеделдету шешімі қабылданды. Сондай-ақ ҮАК отырысында қазақстандық тараптың қаланың дамуын қаржыландыру тәртібімен байланысты мәселелер қаралды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды