- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда әйелдерге тыйым салынған кәсіптер тізімі қайта қаралады
Қазақстанда әйелдерге тыйым салынған кәсіптер тізімі қайта қаралады
Тамара Дүйсенованың айтуынша, Қазақстанда әйелдер еңбегін пайдалануға тыйым салынған 25 жұмыс қамтылған тізім қолданыста. Олардың ішінде металл өңдеу, құрылыс, тау-кен, металлургиялық жұмыстар, цемент өндірісі бар. Тізімде әйелдер еңбегін пайдалану тыйым салынған 287 аса зиянды, қауіпті және ауыр мамандық қамтылған. Мәселен, асфальтбетоншы, металл құюшы, қазандықшы, бульдозер, кран машинисті, суға сүңгуші, жол монтері, электр монтері.
«Біз бұл тізімді жыл сайын жаңартып отырамыз. Қазір әлеуметтік әріптестерімізбен және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп бұл мәселеге қайта оралуды жөн көрдік. Технологиялық процестердің енгізілуіне орай кейбір өндіріс түрлері адам денсаулығына кері әсерін тигізбей жұмыс істеуіне мүмкіндік береді», - деді министр.
2017 жылдың соңына қарай тізімді оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленеді. 2016 жылдың қорытындылары бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қатынастарында өзін-өзі реттеу принципі жұмыс істейді деп тұжырымдады.
«2015 жылмен салыстырғанда, өткен жылы бізде жасалған жеке еңбек келісімшарттарының саны 60 мыңға артты», - деді Тамара Дүйсенова.
Сонымен қатар,еліміздегі барлық ірі және орташа кәсіпорындар ұжымдық келісімшарттармен қамтылған. «Бүгінде 88% ірі, 90% орташа және 31% шағын кәсіпорынның ұжымдық келісімшарттары бар. Бұл - жұмысшылар өкілдері мен жұмыс берушілердің әріптестігінің нәтижесі», - деді министр.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды