- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Грузия мен Қазақстанның энергетикалық әлеуетін қалай дамытуға болатыны туралы айтып берді
ҚР Президенті Грузия мен Қазақстанның энергетикалық әлеуетін қалай дамытуға болатыны туралы айтып берді
«Грузия Президентімен аймақтық және жаһандық мәселелер тұрғысында пікір алмастық. Екі елдің әлемдегі жағдайдың дамуына және оның бағасына көзқарасы бір. Сонымен қатар, біз екі ел арасындағы экономикалық серіктестік мәселлееріән талқыладық. Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынас тұрақты және біз ешқашан оны бөлген емеспіз. Бүгінге Грузия президентінің сапары ЭКСПО көрмесінің және Грузия павильонының ашылуымен тұспа тұс келді», - деді Мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев атап өткендей, келіссөздер барысында ауқымы кең мәселелер талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды.
«Қазір Грузияны Қазақстан сияқты транзиттік мемлекетке айналдыруға мүмкіндік бар. Сөйтіп, Қара теңіз арқылы Еуропаға шығуға болады. Грузия арқылы өтетін газ бен мұнай көлік дәліздері де бар. Осыған орай біз Қазақстан компанияларына тиесілі Батуми мұнай терминалы мен портының мүмкіндіктерін талқыладық, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өзара тиімді сауда ынтымақтастығының қажеттілігіне тоқталып, осы бағыттағы қатынастарды ілгерілетуге ниетті екенін білдірді.
«Біз Грузиядан дәстүрлі түрде Батыс Қазақстан үшін қажетті азық-түлік өнімдерін, шарап өнімдерін, көкөніс пен жеміс-жидектерді сатып аламыз. Менң ойымша біз осы саладағы байланысымызды одан ары жалғастырамыз», - деді Н.Назарбаев.
Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев гуманитарлық және білім салаларына қатысты қол жеткізілген уағдаластықтар туралы әңгімеледі.
«Біздің мәдени-гуманитарлық қатынастарымыз әрдайым жоғары деңгейде болды. Соны жалғастыра беру керек. Жастарымыз да дәстүрімізді жалғастырып, қарым-қатынастарымызды дамыта беру үшін университеттеріміз арасында студенттер алмасуды жолға қою мүмкіндіктері туралы әңгімелестік. Грузия Президентінің Қазақстанға сапары екіжақты байланыстардың маңызды мәселелерін шешу үшін біздің үкіметтеріміздің өзара іс-қимылына серпін береді деп сенемін, – деп түйді Н.Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилимен кездесті.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды