- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен ЮНИДО ынтымақтастық болашағын талқылады
Қазақстан мен ЮНИДО ынтымақтастық болашағын талқылады
ЮНИДО басшысы атап өткендей, шынайы сектордың қатысуысыз тұрақты даму өсіміне қолжеткізу мүмкін емес. Сонымен қатар, ол технологиялық аспектілерге, қаржыны рационалды үйлестіру, сауданы дамытуда жаңа әдістерді қарастыру, тиімділік пен өндіріс сапасын арттыруға назар аударды.
Бұдан басқа, ол ЮНИДО Мемлекет басшысы жариялаған Қазақстан экономикасын жаңғырту, мемлекетті индустриалды дамыту мен экономиканы әртараптандыру бағдарламаларына белсенді қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.
ҚР СІМ хабарлағандай, кездесу барысында Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы ЮНИДО өкілін «ЭКСПО-2017» көрмесіне және министрліктің энергетика бойынша конференциясына белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдірді. Тараптар Қазақстан мен ЮНИДО-ның БҰҰ тұрақты даму міндеттерін жүзеге асыруда, «Оңтүстік-Оңтүстік» және «Солтүстік-Оңтүстік» форматындағы ынтымақтастықты дамытуда, заманауи және сенімді энергетика көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мүдделер ортақтастығын атап өтті.
Министр Қазақстан Президентінің «Болашақ энергиясы» инвестициялар мен «жасыл» технологиялар орталығын құру туралы ұсынысына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды