Өнеркәсіпті әртараптандыру индикаторы жоспардан асыра орындалды

13 Маусым, 2017 12:00
Ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын қолдау 3,3 есеге, минералды тыңайтқыштарды қолдану – 1,5 есеге ұлғайған, деді Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов.

Көктемгі егіс жұмыстарын өткізу мәселелері бойынша Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау және егістіктердің фитосанитарлық қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлады  primeminister.kz.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне тыңайтқыш өндірушілерге қолдау көрсетуді және минералды тыңайтқыштар өндірісі көлемін арттыру және оларды тұтынушыларға жеткізу мәселелерін пысықтауды тапсырды.

 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу керек және өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау құралдарымен заманауи өңдеу шараларын қолдану қажет.   

Аталған жұмысты жалпы үйлестіру ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовке жүктелді. 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар