- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аl-Farabi university - smart city» ғылыми-инновациялық жобасын іске қосады
2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аl-Farabi university - smart city» ғылыми-инновациялық жобасын іске қосады
«Қазақстан-2050» Стратегиясында Президент елдің басты мақсаты ретінде күшті мемлекет, дамыған экономика мен жалпыұлттық еңбек қоғамы негізіндегі қоғам жағдайының жақсаруын атаған болатын. Осы орайда Мемлекет басшысы білімге негізделген экономиканы құруға баса мән береді. Бұл процесте негізгі рөлді университеттер атқаратыны белгілі. Біздің Қазақ Ұлттық университеті осы жолда саналы түрде еңбек етуде», - делінген хабарламада.
Жаңа «Аl-Farabi university smart city» университет дамуы моделінің негізінде ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидың мінсіз қала жайлы толғамы жатыр. Өз трактаттарында ойшыл қайырымды қаланың сипаты деп әділетті және адамгершілікті адамдарды қоғамды атайды. Оның басты ерекшеліктері әмбебап рухани құндылықтар мен жақсы өмір жолында әріптестік таныту. Қазіргі кезде университетті қалалардың жағдай тек инфрақұрылым, қаржылық және материалдық ресурстармен ғана емес, адамгершілік және рухани құндылықтармен де өлшенеді.
«Бүгінде ҚазҰУ дамудың жаңа белесіне шықты. Оны біз қазіргі тілмен «smart» терминімен таныстырамыз. «al-Farabi university - smart city» жобасы – әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, мәдени құндылықтарға ие университеттің жаңа сапасы болып табылады.
Аталмыш жобаны сәтті іске асыру үшін және университетті ақылды сипатқа көшіру үшін қазіргі таңда барлық жағдай жасалған. Соңғы үш жылда білім ордасы өз қызметінің барлық бағыты бойынша кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Университет ұжымы дүниетанымы негізі болған интеллектуалды платформа және рухани-адамгершілік қуаты қалыптасты.
Хабарламада айтылғандай, 2020 жылға қарай еліміздің кемінде екі университеті әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енулері керек. «Al-Farabi university - smart city» Мемлекет басшысының алға қойған міндеттемелерін орындаудың маңызды элементі болып табылады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады