- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметте 2017 жылғы көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы қаралды
Үкіметте 2017 жылғы көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы қаралды
Егін егу жұмыстарын әртараптандыру аясында сұранысы жоғары дақылдарды егетін алқаптар 1 млн 348 мың га-ға ұлғайтылды, бұл АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасының жоспарланған индикаторынан 340 мың га-ға жоғары көрсеткіш.
«Жасымық егісін ұлғайту Қазақстанға әлемде аумақ бойынша бесінші және экспорт бойынша төртінші орынды иеленуге мүмкіндік береді. Бұдан өзге, биыл қант өндірісі бір жарым есеге, майлы дәндер 1,3 есеге ұлғайтылады деп күтілуде. Жүзеге асырылып жатқан әртараптандыру жұмыстары әр гектардың тиімділігі мен өндірістің табыстылығын арттырады», - деп хабарлады primeminister.kz.
Тұқым шаруашылығына қолдау көрсету қаражаттарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есеге өсті. Бірегей және элиталық тұқымдар өндірісі қайта қалпына келтірілді және тұқым шаруашылығына қолдау көрсетудің өзге де шаралары қабылданды. Сондай-ақ, минералды тыңайтқыштарды субсидиялау тетігін қайта қарау оларды қолдану көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті дизельдік отынға деген сұраныс толығымен қамтамасыз етілді. ҚР Үкіметінің жаздық егіс кезеңінде акциздердің мөлшерлемесін төмендету туралы шешімі дизельдік отын бағасын республика бойынша орта есеппен литріне 123 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Егістерді химиялық өңдеу бойынша қорғау шараларын жүргізу үшін еліміздің оңтүстік өңірлеріне қосымша пестицидтер мен техникалар жеткізілді. 591 мың га жер өңделді. Ауыл шаруашылығы жерлеріне зақым келтірілген жоқ.
«Өзге өңірлерде үйірлі көкқасқа шегірткелерге қарсы олардан қорғау шаралары жоспар бойынша жүргізіліп жатыр», - деді ҚР АШМ бірінші вице-министрі.
-
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
2021 жылғы қаңтар-ақпанда 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды -
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Көктемгі су тасқыны: қауіпті аймақтар, қауіпсіздік шаралары, құтқару тобы мен техникалар -
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды -
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады -
2020 жыл қорытындысы: халықты ауыз сумен жабдықтау көрсеткіштері -
2020 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер