- Басты
- Жаңалықтар
- Татарстан ЭКСПО көрмесінде адам энергиясы туралы айтып береді (ФОТО)
Татарстан ЭКСПО көрмесінде адам энергиясы туралы айтып береді (ФОТО)

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Татарстан Президенті Рустам Минниханов Ресей Федерациясының ЭКСПО-2017 көрмесіндегі татарлық экспозициясының ашылуына қатысты.


Өз сөзінде А.Есімов Татарстанның Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуының маңыздылығын айтты.
«Татарстан – Ресей Федерациясы өңірінің инновациялық даму болашағы. Біз Татар Республикасының даму әлеуеті жоғарылап келе жатқанын байқап отырмыз. Ресейлік павильондағы экспозициясында Татарстан болашақтың энергетикасын қолдану шешіміне бағытталған қызықты жобалар бар», - деді А.Есімов.

Өз кезегінде, Рустам Минниханов айтып өткендей, Татарстан Республикасы «ЭКСПО-2017-дегі Ресей» тақырыптық аптасының бас серіктесі болып отыр. Татар экспозициясының басты тақырыбы: «Адам энергиясы – технологиялық дамыту кооперациясының халықаралық драйвері».
«Энергия мәселесі- өмірдегі басты мәселе, бұл жерде ең үздік технологиялар қойылған. Біз үшін Ресей павильоны аясында Татарстан экспозициясының ашылуына қатысу үлкен мәртебе. Татарстан аталмыш алаңда алғаш таныстырылып отырған елдің бірі, Ресей павильонында Татарстан экспозициясының ашылуына қатысу біз үшін үлкен мәртебе», - деді Татарстан Президенті.

Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді