Қазақстанда шағын және орта бизнестің 42%-ын әйелдер басқарады (ФОТО)

13 Маусым, 2017 11:29
Қазақстанда шағын және орта бизнестің 42%-ын әйелдер басқарады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев ҰКП Іскер әйелдері кеңесінің Астанада өткен Конгресінде айтты.

Айта кетейін, сенімділік медеу береді, бизнестегі сенімділік – басты қағидалардың бірі. Еліміз Шығыс халқы болуына қарамастан  шағын және орта бизнестің 42%-ын әйелдер басқарады.

Бұл ретте білім мен тәжірибе алмасу маңызды. Бизнес тұрғысынан алғанда Қазақстан жас мемлекет болып саналады.

«Отбасын ұйытып, бала тәрбиелеумен қатар бизнесін де дөңгелетіп жатқан әйелдер балалары үшін нағыз үлгі. Балалар аналарына қарап бизнестің қажеттілігін ерте түсінеді. Бұл кәсіпкерліктің өмірлік мектебі», – деді Тимур Құлыбаев.

Еске салсақ, 2016 жылы «Атамекен» 6 өңірде, яғни Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай облыстарында шағын несие берудің пилоттық жобасын іске қосты.

Бағдарлама аясында 7 жылға 6% мөлшерлемемен 18 млн теңгеге дейін сомада несие берілу қол ға алынды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұнымен қоса «Bastau Бизнес» жобасын іске қосты. Биыл жоба аясында 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындары кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.

Ол үшін 80 ауданға 1 млрд 200 мың теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде биылғы жылы 3000 кәсіпкерлік субъектісі ашылуы керек. Ал келесі жылдан бастап «Bastau Бизнес» жобасының ауқымы кеңейіп, қатысушылар саны ұлғаймақ. 2021 жылы 30 мың тұрғын қамтылып, кемінде 6000 бизнес іске қосылуы керек.

 Бұл мақсат үшін жыл сайын 2 млрд 400 млрд теңге бөлінбек. «Енді білім алған ауыл тұрғындары өз бизнесін қалай жүргізіп, отбасын қалай асырау керектігін біледі.

Мұның маңызы өте зор және жағымды оқиғалар оң әсерін тигізері анық. Жетістігіне куә болған жақындарының көкірегінде жеке кәсіппен айналысып, отбасын бағуға деген сенім ұялайды. Бұл жеке кәсіппен айналысуға ынталандыратыны анық. Ал «Атамекен» әрдайым қолдау көрсетуге дайын».

Әйел-кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін ынталандыру, әйелдердің жеке кәсіпкерлікке араласуын, олардың экономикалық бастамаларын қолдау және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту кеңестің басты міндеті.

Ұйымда 700 -ден астам кәсіпкер әйел мүшелікте.  

 

Барлық жаңалықтар